ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
92
әріптестері сияқты кабинеттерді басып алып, түнде ғимаратта
қалып, пикеттер ұйымдастырды. Бірақ халық бұлардың
ешқайсысын да қолдамады, сөйтіп шиеленіс сәтті шешілді.
Барлық айтылған сындарға қарамастан, мен Жоғарғы
Кеңестің кеңестік дәуірден кейін қызмет жасаған екі шақы-
рылымы да, біздің барлығымыз үшін, сол кезде басталған
қоғамды демократияландырудың мектебі болды деп
есептеймін. Бұл – мәмілеге келудің де үлкен бір мектебі еді.
К
онституция жобасын
әзірлеу
жөніндегі жұмыс
Жоғарғы Кеңес легитимді емес деп танылғаннан кейін,
жаңа Конституция әзірлеу жұмысын енді созуға болмай-
тыны анық болды. Елде не Парламент, не Үкімет болмаған
жағдайда, мен үшін Қазақстан халқының тікелей қолдауын
алу аса маңызды еді. Осы кезде Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы Президенттің өкілеттілігін ұзарту туралы
бүкілхалықтық референдум өткізуге ұсыныс жасады. Бұл мә-
селенің дұрыс шешілуі халықтың саяси және экономикалық
реформаларды тереңдету бағытындағы курсты қолдаумен
парапар еді. Оқиғалардың одан әрі өрістеуі бұның дұрыс
шешім екендігін көрсетті. 1995 жылы 25 наурызда «1995
жылы 29 сәуірде республикалық референдум өткізу туралы»
№2152 жарлық шықты. Онда былай делінген еді:
«Бүкілхалықтық дауыс беру Қазақстан Республи-
касындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
ретіндегі халықтың ең жоғарғы ерік-қалауын білдіруі бо-
лып табылатынына сүйене отырып, Қазақстан халықтары
Ассамблеясының үндеуін ескере отырып және Қазақстан
Республикасы Конституциясының 78-бабын, сондай-
ақ «Қазақстан Республикасының Президентіне және