Page 92 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
91
Сол күндердегі оқиғалар біздің қоғамдағы тұрақтылыққа
және шиеленістерді шешуде құқықтық принциптерді
қалтқысыз ұстануға деген талпынысымызды тағы да бір
дәлелдеді. Мұны кейіннен халықаралық қауымдастықтың
өкілдері де талай рет атап көрсеткен болатын.
«Бұл – демократияның салтанат құруы. Өкіметтің
барлық тармақтары өз қызметін атқарғандықтан ешқандай
дағдарыс болған жоқ. Конституциялық сот сайлаудың
заңсыз өткендігі туралы қорытындыға келу үшін жеткілікті
мөлшерде сақтық пен пайымдылық танытты...
Біз сіздің Конституциялық сотыңыздың шешімін
құрметтейміз. Қазақстанда демократияның едәуір
орныққандығын бүгін бүкіл дүние жүзі түсініп отыр. Сіздер
бұның бәрінен өте байыпты және байсалды өттіңіздер,
сондықтан да дағдарысқа ұшырамадыңыздар... Бұл
ТМД мемлекеттері ғана емес, тіпті АҚШ-ты қоса, өзін
демократиялық елміз деп санайтын басқамемлекеттер үшін
де жақсы үлгі болып табылады. Қазақстан демократияның
шәкірті емес, ұстазы ретінде көріне алды. Бұл үшін
барлық қазақстандықтар мақтануы керек. Қазақстанды
АҚШ-тың да мақтаныш тұтатын жөні бар... Соңғы
оқиғалар... Конституцияға құрмет көрсете алған Сіздің
басшылығыңыздың да саяси беделін көтеріп тастады».
Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісі
У. Кортнидің сұхбатынан. ҚР Президентінің
Мұрағаты
Осыжерде кейбір депутаттардың Конституциялық соттың
шешіміне қарсы тұруға әрекет жасағандарын айта кетуіміз
керек.
Бұдан 1993 жылғы қазандағы Ресей оқиғаларын қайта-
лауға ұмтылу анық байқалды. Біздің де депутаттар ресейлік