ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
90
Уақытында болған сәтті реформалардың нәтижесінде ТМД
елдерінің ішіндегі ең үздік, халықтың үлкен сеніміне ие болған
қос деңгейлі банк жүйесі қалыптаса бастады.
Бүкіл елде ашыла бастаған коммерциялық банктердің
кең жүйесі, өз орайында, жеке кәсіпкерліктің дамуын-
да шешуші рөл атқарды. Заңнамалық түрде бекітілген
кепілдіктердің араласуымен елге ірі шетел капиталын
тартудың жағдайыжасалды. Жер қойнауының байлықтарын
пайдалану жөнінде халықаралық ірі жобаларды іске асыру
үшін елдің тартымдылығы артты. Ал бұл біздің мыңдаған аза-
маттарымызды жұмысқа тартуға және мемлекет бюджетіне
қаржы түсіруге мүмкіндік берді.
Конституциялық соттың шешімдерін басшылыққа
ала отырып, мен сол күні-ақ, «Қазақстан Республикасы
Конституциялық сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулы-
сынан туындайтын шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым.
Осы Жарлықтың негізінде депутаттардың қызметке орнала-
суына көмек көрсету, Жоғарғы Кеңес мүліктерін сақтауды
қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі
қызметінің тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелерді
шешу үшін мемлекеттік комиссия құрылды.
Парламент өкілеттілігінің Конституцияға сәйкес болмауы
сол заңсыз Жоғарғы Кеңестің қатысуымен құрылған үкімет
өкілеттілігінің де конституцияға сәйкес еместігін көрсететін
еді. Сондықтан үкімет 11 наурызда орнынан түсуді сұрады,
оны мен қабыл еттім. Осымен қатар Орталық сайлау
комиссиясының таратылуы да қабылданды. Конституцияға
және «Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті
әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттіліктер беру
туралы» Заңға сәйкес, мен Әкежан Қажыгелдинді Премьер-
министр етіп тағайындап, оған қысқамерзімдежаңа Үкіметтің
құрамы туралы ұсыныс беруді тапсырдым.