1995 жылғы
к
онституция
89
бар шешімдерді кім қабылдауға құқылы; Конституциялық
соттың шешімі 1993 жылы 10 желтоқсанда қабылданған
«Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті
әкімшілік басшыларына уақытша қосымша өкілеттіліктер
беру» туралыҚазақстан Республикасының Заңы әлі де күшін
сақтайды деп тани ма?»
Дерек көзі: Қазақстан Республи-
касы Президентінің Мұрағаты
Конституциялық сот 11 наурыздағы қосымша анықта-
масында мен қойған сауалдарға түсініктеме берді. Осы
анықтамаға байланысты ел Парламентінің конституциялық
еместігі туралы факты, басқаша айтатын болсақ, оның
қызметінің заңсыздығы мойындалды.
Сонымен бірге, Президентке заң сипатындағы шешім-
дерге қабылдауға құқық беретін «Қазақстан Республи-
касы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына
уақытша қосымша өкілеттіліктер беру туралы» 1993 жылғы
10 желтоқсанда қабылданған Заң қайтадан күшіне енді.
Бұл заңның күші жаңа конституцияны қабылдағанға дейін
сақталатын болды. Осы кезеңде заңдық күші бар, ең бастысы,
экономикалық салада елдегі реформаның қарқынын еселеп
арттырған және даму бағытымызды нақтылап анықтауға
көмек берген мемлекет өмірінің барлық негізгі жақтары бо-
йынша жалпы алғанда Президенттің 140 жарлығы шықты.
Дәл осы уақыттарда Президенттің «Жер туралы», «Жер
қойнауыжәне жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай ту-
ралы», «Шетелинвестицияларытуралы»жәнет.б.жарлықтары
шыққан еді. Өзінің идеологиясы бойынша нарықтық сипатта
болған осы бір заңдар топтамасы экономиканы реформа-
лауды елеулі түрде жеделдетті. Жекелей алғанда, олар эко-
номиканы ырықтандыруға, мемлекеттің монополиясынан
шығаруға, еркіндіккежәне кәсіпкерлікті қолдауға бағытталды.