ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
88
бына сәйкес, біз енгізген қарсылықты Конституциялық
сот тойтарып тастады. Жекелей алғанда, 1995 жылы 10
наурызда қабылдаған шешімінде Конституциялық сот:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 131-бабын,
«Қазақстан Республикасындағы Конституциялық сот жүргізу
туралы» Заңның 14, 25, 26-баптарын басшылыққа ала
отырып, «Президент пен Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңес төрағасының қарсылықтары қабылданбасын және
Конституциялық соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысы
күшінде қалдырылсын. Ұйғарым шағым беруге жатпайды»
деген анықтама берді.
Осы шешімге қарамастан, Жоғарғы Кеңес 11 наурызда
«Конституцияға өзгерістер және қосымшалар енгізу туралы»
Конституциялық Заң және «Конституциялық соттың қызметін
тоқтата тұру туралы» қаулы қабылдады. Бірақ бұл құжаттар
енді заң тұрғысынан да, кәдімгі дұрыс ақыл-ой тұрғысынан
алғанда да Конституциялық соттың шешімін өзгерте алмай-
тын еді. Конституциялық сот шығарған шешімге байланысты
мен Конституциялық сотқа жоғарыдағы қаулының құқықтық
салдары жөнінде сұраныс жасадым. Менің сұранысымда
мыналар болды:
«ҚазақстанРеспубликасыКонституциялықсотыныңаза-
матша Т.Г. Квятковскаяның талабы бойынша қабылданған
1995жылғы 6 наурыздағы қаулысының күшіне енуіне бай-
ланысты мына мәселелерге түсініктеме беруді сұраймын:
Конституциялық соттыңбұлқаулысы1994жылы7наурызда
өткенҚазақстан РеспубликасыЖоғарғыКеңесінің сайлауын
Конституцияға сәйкес емес деп тани ма, сондай-ақ сонда
сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының өкілеттілігін
Конституцияға сәйкес емес деп тани ма; егер Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесі депутаттарының өкілеттілігі
Конституцияға сәйкес келмесе, онда заңнамалық сипаты