Page 88 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
87
«Соттың қабылдаған шешімі бәріміз үшін де күтпеген
оқиға болды. Мемлекетіміздің тарихында бұрын-соңдымұндай
болған емес. Мен мемлекеттік биліктің орнықтылығын жақтап
келдім және әлі де жақтай беремін.
Өйткені біздің жүргізіп жатқан реформаларымыздың
тағдыры осыған байланысты, бұл ретте еліміздің бұдан бір жыл
бұрын сайланған парламентінің де атқарар қызметі аз емес. Мен
ЖоғарғыКеңеске үлкен үміт артамын. Әрине, таластар, шамадан
тыс қызбалық ұшырап қалатыны да рас. Дегенмен біз алғашқы
кезден бастап жемісті тіл табысуға қол жеткізіп келгенбіз.
Жуырда биліктің заңшығарушыжәне атқарушы тармақтары
арасында келісімді ықпалдастықты қамтамасыз ету туралы
келісімге қол қойысқанымыз – соның айғағы. Енді, міне,
Конституциялық соттың шешімі төбеден түскендей оқиға
болып отыр. Тек парасаттылық, ұстамдылық, заңға мүлтіксіз
бағыну ғана біз үшін бірден-бір дұрыс шешім тауып, парламент
дағдарысына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
Сөйте тұрса да, Конституциялық соттыңшешімі, кімнің мүд­
десін қозғаса да, оған құрметпен қарауымыз керек. Тек сондай
жағдайда ғана Қазақстан шынында да құқықтық мемлекетке,
заңның салтанат құруына қарай бағыт алып бара жатыр деп
айта аламыз».
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы
Президентінің Мұрағаты
Сол күні-ақ заңның өзіме берген құқығын пайдалана
отырып, Конституциялық соттың қаулысына қарсылық
білдірдім. Келесі күні, 9 наурызда дәл осындай қарсылықты
Жоғарғы Кеңес төрағасы Әбіш Кекілбаев та енгізді. Алайда,
«егер Консти­туциялық сот, судьялардың жалпы санының
үштен екісінің дауысымен бұрынғы қаулысын жақтап
шықса, ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді», – де-
ген Қазақстан Республикасы Конституциясының 131-ба-