Page 87 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
86
ықпалды фракциялармен байланыстары осыған куә бола-
тын. Бұл кезең менің есімде жақсы сақталған. Мен ымыраға
баратын жол табылады, конституциялық реформаны іске
асырамыз деген сенімде едім.
Бірақ осы тұста бір күтпеген жағдай болды.
Кішкентай ғана нәрсе басқа бір оқиғалардың түбегейлі
сипатта өрістеуіне себеп болып, қоғамды мүлде ойламаған
нәтижелерге ұрындыратыны тарихта талай рет болған ғой.
Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының 1995
жылғы 6 наурыздағы қаулысы бүкіл Қазақстан үшін дәл сон-
дай оқиға болды.
Бүгіндері елдің барлығына мәлім, ал ол кездер жай
қатардағы журналист Татьяна Квятковская «Казахстанская
правда» газетінің бетінде Абылай хан сайлау округында сай-
лау туралы Кодекстің бұзылғандығы туралы Орталық сайлау
комиссиясына айып тақты.
Дау ұзаққа созылды. Ақыры Конституциялық сот шешім
қабылдады. Қазақстан Республикасы Конституциялық соты-
ның қаулысы: «Орталық сайлау комиссиясының дауысты
санауға байланысты енгізген әдісі «бір сайлаушы – бір да-
уыс» дейтін конституциялық қағиданың жаппай бұзылуына
жол беріп қана қоймай, сонымен бірге сайлау нәтижесінің
бұрмалануына ұрындырды және сайлау жөніндегі Кодексте
көрсетілген сайлау жүйесін өзгертіп жіберді. Сөйтіп, Орталық
сайлау комиссиясы өзінің өкілеттілігін асыра пайдаланып,
Конституцияның 60-бабын бұзды», – деген тұжырымға келді.
Сонымен, өткен сайлау қорытындылары мен Жоғарғы
Кеңес депутаттары өкілеттігінің заңдылығы күмәнді болып
шықты.
Жағдайдың күрделі екендігін ескеріп, және оның дағда-
рысқа ұласып кетпеуін көздеп, мен 8 наурызда мынадай
мәлімдеме жасадым: