Page 86 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
85
Мен жаңа парламентшілердің іскерлігіне қандайлық
үміт артсам, олардан көңілімнің қалғаны да одан кем болған
жоқ. Парламентте аса маңызды өмірлік заңдарды талқылау
сол баяғыдай қызу жүріп жатты, бірақ одан пайда шамалы
болды. Бұл жерде 1994 жылға арналған бюджет туралы
заңның қабылдануын айтсақ тажеткілікті. Үкімет парламентке
бюджеттің жобасын ұсынғаннан кейін, оны депутаттар 1994
жылы үшай бойы талқылады. Ұзаққа созылған дау-дамайдан
кейін, үкіметті отставкаға жіберу қаупі туғанда ғана 1994
жылдың бюджеті әрең қабылданған еді.
Сөйте тұрса да, 1994 жылдың желтоқсанында Жоғарғы
Кеңес тілдердің мәртебесі, мемлекеттіліктің сипаты және
жерге жеке меншік туралы рейтингілік дауыс беруден бас
тартқанына қарамастан, мен депутаттық корпуспен жұмыс
істеуді тоқтатпадым. Биліктің мейлінше сара әрі табанды
құрылымын қалыптастыру, түбегейлі экономикалық си-
паты және қоғамдық-саяси зор маңызы бар мәселелерді
конституциялық деңгейде шешу қажеттігі күннен-күнге
айқындала берді.
1994 жылы желтоқсанның аяғында мен Әділет министрі
Нағашыбай Шәйкеновті шақырдым. Мен оны реформаның
дәйекті жақтасы және жоғарғы білікті заңгер ретінде жақсы
білетінмін. Екеуміз екі сағаттан артық уақыт әңгімелестік. Мен
оған конституциялық реформаның негізгі бағыттарын сипат-
тап бердімжәне құжаттармен одан әрі жұмыс істеу үшін жаңа
конституцияның үлгі жобасын бердім. Табыс еттім. Әрине,
жоба аса құпия жағдайда жасалды.
Алғашындажаңа конституцияныңжобасынжаңа құрамда
13-ші шақырылған Жоғарғы Кеңестің қарауына ұсыну
жоспарланған болатын. Ол бұл кезде конституциялық ре-
форманы жүргізуге дайын еді. Парламенттің экономикалық
мәселелерді талқылаудағы оң қадамдары және кейбір