Page 85 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
84
шығындарға ұрындырары анық еді. Бірақ та Министрлер
Кабинетінің оралымдылығынаЖоғарғы Кеңес құрсау болды.
Тағы да экономиканың тұрақсыздануының нақты бір қаупі
туды.
Жоғарғы Кеңес елдің қаржы-экономикалық саясатының
бүтіндей дербестігі жағдайында қандай да болмасын заңдар
қабылдауға дәрменсіздігін көрсетті. ЖоғарғыКеңестің сессия­
ларында ұзаққа созылған нәтижесіз пікірсайыстар жүріп
жатты. Сессиялардың арасындағы үзілістердің өзі де ұзақ
болды. Біз үнемі парламенттің шешімдерін күтетінбіз, бірақ
та бізге ол экономикалық реформалардың заңнамалық база-
сын қалыптастыруды әдейі тежеуге алатын сияқты көрінетін.
1994жылдың басындағы теңге бағамыныңжаппай құлдырау
себептерінің бірі дәл осында жатты. Сол кезеңдерде Ми-
нистрлер Кабинетінің басшылары депутаттар корпусының
және жергілікті органдардың мүдделік қолдауының қатты
тегеуірініне шыдай алмады, нәтижесінде кәсіпорындар
арасындағы ойластырылмаған өзара төлемдік есептесулер
басталды.
Ж
аңа
К
онституция
:
демократиялық
бастау
1994 жылы наурызда Жоғарғы Кеңестің жаңа құрамы
сайланды да, мен оған үлкен үміт арттым. Ұзаққа созылған
ырғалып-жырғалудан кейін, бұл парламент ынтымақтасудың
жемісті жолына түскенін ашып айтуымыз керек, бұған мен
кәдімгідейқуандым. Сөзжоқ, бұлЖоғарғыКеңес бұрынғымен
салыстырғанда әлдеқайда іскер еді, бірақ бұл да біздің үміті­
мізді ақтамады. Депутаттар көп ұзамай-ақ өздерінің не үшін
сайланғандарын ұмытып кетті. Бұл кеңестің жұмыс істеген
кезе­ңінде небары 7 ғана заң қабылданды, ал оның есесіне
177 депутатты асырап-сақтау үшін бюджеттік қаржыдан
миллиардтан астам теңге жұмсалды.