1995 жылғы
к
онституция
83
күнге дейін сезілуде. Бұл елдер, ондаған жылдар өтсе де,
аса ауыр экономикалық дағдарыстан енді шығып келеді, ал
территориялық тұтастықтарын әлі қалпына келтіре алмай
отыр.
1993 жылғы қазанда Ресейде орын алған оқиғалар
өздерінің мәні жағынан қайғылы және ауқымдылары бол-
ды. Сол кезде дүние жүзінің бүкіл телеарналары Президент
Ельцинге адал Кантемир дивизиясы танкілерінің түтіннен
қап-қара болған Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесінің
ғимаратын зеңбіректен атқылағандарын көрсеткен бола-
тын. Ресейдегі тоқсаныншы жылдардағы саяси ахуалдың
болжаусыздығы Қазақстандағы саяси ландшафтқа да терең
іздерін қалдырды. Мәскеудегі оқиғаларды жіті қадағалай
отыра және сол кездегі Ресейде бүтіндей орын алған
былық пен заңсыздықтарға ұрындырған атқару билігі мен
заң шығару билігі арасындағы текетіресті сараптай келе,
Қазақстан экономиканы белсене ырықтандыруды тек
бірорталықтандырылған күшті президент билігі болғанда
ғана жүзеге асыра алатынына менің бүтіндей көзім жетті.
Сол кездерде заң шығару деңгейінде қарқынды жұмыс
жасай отырумен қатар, барлық жерде «өрт сөндіріп» отыруға
тура келді. 1993–1994жылдардағыжылу беру маусымының
қалай басталғаны әлі есімде, сол кезде көптеген қалалар мен
поселкелер қысқа дайын емес еді. Солтүстік және Орталық
Қазақстанның мыңдаған пәтерлерінде бөлменің температу-
расы 10-15 градустан жоғары көтерілмеді.
1993 жылдың желтоқсанында біз бұдан да қиын
жағдайға тап болдық. Жедел түрде «мінсіз» деген бағамен
теңгені енгізгенімізбен, елдегі ахуал инфляцияның жоғары
қарқынымен шиеленіске түсті. Қалыптасқан жағдай жедел
және жауапты шешімдер қабылдауды талап етті. Эконо-
микалық саладағы заң актілерін қабылдаудағы бір күнгі
бөгесіннің өзі бір жылдың ішінде орнын толтыра алмайтын