ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
82
пе, әйтеуір бір тарайтыны айқын болатын. Кең масштабтағы
экономикалық реформалардыжүргізу кеңестікжүйе тудырған
қайшылықтардышешуді де талап етті. Бұл қайшылықтыңмәні
көптеген депутаттардың бір мезгілде биліктің заң шығару
және атқару тармақтарының бірден өкілдері болуында еді.
Осындай ахуалда депутаттарды жергілікті жерлердегі саты-
лы биліктің жұмысын бірден қозғалтпай қоя алатын және
Жоғарғы Кеңесті реформаны орталықтан тежеп отыратын
құрал ретінде пайдалана алатын еді.
XVI ғасырдағы француз философы Мишель Монтень
айтқандай: «Кез келген халық үшін ең тамаша мемлекеттік
құрылым – сол халықты біртұтас күйінде сақтап қалатыны».
Қазақстан атқарушы және заң шығарушы биліктің бір-біріне
қарсы тұруыншеше білді, сілкіністерді күшқолданусыз бейбіт
жолмен орағытып кете алды. Біз сатылап және біртіндеп
тұрақтылықты бекітуге және қауырт экономикалық өрлеуге
ықпалжасайтын тиімді жәнедемократиялықбасқаружүйесіне
өте алдық. Бұл мәселеде ТМД-ның кейбір елдерінің жолдары
сондайлық бола қойған жоқ.
1992 жылы Тәжікстанда осындай қарсы тұрудың ұры
ғы аймақтар арасындағы қайшылықтардың «құнарлы»
топырағына түсті. Душанбедегі әртүрлі екі алаңда көп кісі
жиналған минтингілерден басталған тайталас ақыр аяғында
ағайындылардың бірін-бірі қырған азамат соғысына алып
келді. Бұл соғыс бес жылдан астам уақытқа созылып, жүз
мыңға жуық адамның өмірін қиды.
Қантөгіс жағынан Тәжікстандағыдан кем түспеген қақты-
ғыстар Грузия мен Әзербайжанда да орын алды. Бұларда
билікке популистік толқындаЖоғарғыКеңестердің көмегінсіз
емес ГамсахурдиаменЭлчибей сияқтыдемагог-диссиденттер
келді. Билік басында көп тұрмаса да, олар жүргізген, көп
жағдайларда тозғындатуға әкелген дилетанттық ішкі және
сыртқы саясаттың сызы Грузияда да, Әзербайжанда да әлі