Page 82 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
81
депутаттық корпустың кінәсынан емес. Себеп басқада –
Кеңестердің толық билігі үрдісінің бүгінгі күнніңшындығына
толығымен сәйкес келе алмайтын қауқарсыздығында».
Алматы қаласының Алатау аудандық
кеңесі халық депутаттарының Республика
мен жергілікті кеңестердің халық депутат-
тарына үндеуінен, 16 қараша 1993 жыл
Сол сияқты 17 қарашада астананың Ленин және Октябрь
аудандық Кеңестерінің депутаттары өз өкілеттіктерін
мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Іле-
шала осындай шешімге Әуезов және Фрунзе аудандық
кеңестерінің депутаттары да келді. Сөйтіп, бұл бастама аз
уақытта бүкіл республикаға тарады.
Артынша мағанЖоғарғыКеңес депутаттарының бір тобы
өздерін отставкаға жіберу және депутаттық өкілеттіктерінен
босату туралы ұжымдық өтінішжасады. Конституция бойын-
ша мен бұлай жасай алмайтын едім, сондықтан мен оларға
бұл мәселені Жоғарғы Кеңестің кезекті сессиясына қоюды
ұсындым. Тура айтатын болсам, мен елімізге аса маңызды
осы бір кезеңде үлкен жауапкершілік көрсеткен сол депутат-
тарға ризамын.
Парасат жеңіске жетті және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтатуға қатардағыдепутаттар бастамашы
болды. 360 депутаттың 200-і өз өкілеттіктерінен бас тарта-
тындары жайында өтініш берді. Кеңестік жүйенің опырылып
күйреуі, Жоғарғы Кеңесті өзін-өзі тарату жөнінде шешім
қабылдауына мәжбүр етті.
ЖоғарғыКеңестің өзін-өзі таратуы тәуелсіз Қазақстанның
тарихындағы аса бір драмалы оқиға болды. Тарихшылар осы
бір ел үшін тағдырлық маңызыбаршешімді қабылдауға депу-
таттарды итермелеген себептерді әлі де талай талқылайтыны
аян. Менің пайымдауымша, Жоғарғы Кеңес, ерте ме, кеш