Page 81 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
80
Уақыт өтіп жатты, сонымен бірге енді статус-квоны
сақтаудың өзіне мүмкіндік қалмады. Президент пен Үкіметтің
реформаларды, әсіресе оның экономикалық сипаттағыларын
жүргізуіне кедергі жасап отырған Кеңестердің шексіз билігі
туралы мәселені дереу шешу керек болды. Мен бұл мәселені
референдумға шығаруға дайын едім және ол туралы ойым-
ды ашық айттым. Жоғарғы Кеңестің реформаны жүргізуде
тежеуішке айналғаны туралы үнемі айтып, өз позициямды
түсіндіріп отырдым. Осы негізде менің барлық мәселені ше-
шуде өзініңжоғары тұруына бағыт ұстанғанЖоғарғы Кеңестің
төрағасы С. Әбділдинмен қарым-қатынасым шиеленісті.
Оның көзқарастары туралы айтқым келмейді. Олар қазір
елдің бәріне де аян, өйткені ол азамат қазір Компартияны
басқарып отыр.
Ал ол кезде біз өзгеше бір тығырыққа тап болдық: не
Үкімет, неЖоғарғыКеңес өзара тайталастаншығудыңжолын
таппады. Мен кейбір депутаттардың әрекеттерінің зиянды
екендіктерін халыққа әлденеше рет туралап айттым.
Дәл осы сәтте, 1993 жылы 16 қарашада, Алматы
қаласындағыАлатау аудандық халық депутаттарының кеңесі
депутаттарды жаңа заң бойынша сайлауға мүмкіндік беру
мақсатында, өзін-өзі тарату жөнінде мемлекеттің қоғамдық-
саяси өмірінде теңдессіз шешім қабылдады. Сол кезде
республиканың және жергілікті кеңестердің халық депутат-
тарына үндеу жарияланды.
«Кеңестер көбіне-көп бұрынғы үрдіс пен ескі иде-
ологияның бейнесі болып қалып отыр. Өкілетті жүйенің
қызметін реттейтін Заңдардың әрі әбден ескіргендігі, әрі
тар ауқымы, депутаттық корпустың өз жұмысына деген
ынтасыныңазаюы, Кеңестердіңнақтыөмірден аулақ қалуын
күшейтті. Сайлаушылардың еркін жүзеге асыруға олардың
қабілетсіз екендігі күннен-күнге айқындала түсуде. Бұл