Page 80 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
79
қайшылықтардың объективті түрде өрістеу себептерінің бірі
болды. Басқаша айтқанда, 1993 жылғы үлгідегі Конститу-
ция мемлекеттік құры­лымды жетілдіріп отыру, әлеуметтік-
экономикалық және саяси реформаларды одан әрі тереңдете
дамыту жолындағы құқықтық кедергіге айналды. «Кімнен
кім басымырақ?» деген принцип бойынша үнемі дау-дамай
жүріп жатты.
«Тарихтың ымырасы» болған Негізгі Заң қоғам күткен
барлық үміттерді ақтамады. Себебі, онда ең басты мәселе –
біздің қоғамдық дамудағы мақсаттарымыз бен басым-
дылықтарымыз айқындалмады.
Сонымен бірге, елдің Негізгі Заңын қабылдау тәсілінің
өзі де келіспеушілікті туғызды. Сонда Конституцияны қабыл-
даған халық емес, қайта кеңестік Заң бойынша құрылған
Жоғарғы Кеңес пен шенеуніктер әуелі өздеріне және содан
соң халыққа сыйға тартқан болып шықты. Конституцияда:
Президент – ел ішіндегі және халықаралық қатынастардағы
Республиканың өкілі деп жазылған ережеге қарамастан,
Негізгі Заңды қабылдаған және соған сәйкес президенттік
басқару түрін бекіткен Жоғарғы Кеңес бүкіл Қазақстан
халқының атынан сөйлеу құқығын өзінде қалдырғанын
айтсақ та жеткілікті. Осының өзінен-ақ әлі де болса табиғаты
жағынан «кеңестік» сипаттағы Жоғарғы Кеңестің билікке
деген гегемонияны өзінде сақтап қалуға ұмтылысы көрінді.
Осындайларға ағылшын ағартушысы Томас Пейннің «Кон-
ституция дегеніміз мемлекеттің алдында жүретін үрдіс, ал
мемлекет Конституцияның жемісі ғана» – деген сөздері дәл
келеді.
Осы сияқты заңнамадағы көптеген «ақтаңдақтарды»
күнделікті кездестіре отырып, біз 1993 жылғы үлгідегі
Конституцияның егеменді Қазақстанды құрудың құқықтық
негізі болуға жарамайтынын түсіндік.