ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
78
тарының көп күнге созылған талқылауынан (бүкіл елге
берілген телевизиялық көрсетім арқылы) кейін, 1992 жылы
2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір апта-
дан кейін жоба республикалық және облыстық газеттерде
бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланды, ол 1992 жылдың
желтоқсанына дейін созылды. Ақырында, 1993 жылы 28
қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жа-
риялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен
(қалыс қалған – 1, қарсы – 2) Қазақстан Республикасының
тұңғыш Конституциясын қабылдады. Жоғарғы Кеңестің
мәжіліс залының электронды таблосында дауыс берудің
нәтижесі көрінгенде, зал ду қолшапалақтап дүр сілкінді.
Залда «Қазақстан жасасын!» «Конституция жасасын!» деген
дауыстар жан-жақтан естіліп жатты.
Бұл шын мәнінде дербес дамудың жолына түскен
Қазақстан халқының өміріндегі тарихи оқиға еді. 1993
жылдың жағдайында қабылданған Конституция, қоғамның
әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге
қарсы болған бір бөлігі мен Қазақ КСР-інің демократиялық
өркениетті мемлекетке айналуы қажеттігінжәне оның болмай
қоймайтындығын түсінген екінші бір бөлігінің арасындағы
ымыраның көрінісі болды. Конституция реформаны іске асыру
жолындағы алғашқы және аса қажетті қадамдарды жасауға
мүмкіндік берді.
Бірақ, көп ұзамай, Қазақстанның бірінші Конституция-
сының күшіне және қолданысқа енуіне байланысты, оның
кемшіліктері де анық байқалды. Ең бастысы, оның шын
мәніндегі әлеуметтікэкономикалық және саяси процестер-
ден алшақ тұрғаны көрінді.
Негізгі Заңда әртүрлі мемлекеттік институттар арасында-
ғы туып қалатын келіспеушіліктерді шешетін тетіктердің бол-
мауы атқару және заң шығару органдарының арасындағы