Page 8 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

А
лғы сөз
7
стипендианттарымен және жоғарғы мектепті бітірушілермен
кездескендегі, лекциялар оқығандағы айтқан сөздерімнің не-
месе кәдімгі идеялардың көптегенжазбаларыменде сақталып
қалған болатын. Әрдайым солардың жалын атып, жігері
тасыған, табанды ізденістерге толы көздерін көрген сайын
мен біздің жастарымызға өткен жылдардағы оқиғалардың
– барлық өзгерістердің қалай басталғанын, қалай жүргенін,
өзімізге аса қиын болған кезеңде қабылданған шешімдердің
негізгі қисыны неде екенін көрсететін нақтыфактілердің, шы-
найы сараптамалардың жетпейтіндігін түсінетін едім. Міне,
сондықтан да мен бұл табыстарға жету үшін жүріп өткен
жолдыңәрқадамыныңқаншалықтықиында азаптыболғанын
айтып бергім келді.
Менің кітабым, бұрнағы жылдардағы оқиғаларды си-
паттай отыра, өткенге емес, келер болашаққа меңзейді. Мен
мұның Қазақстанның болашақ көшбасшылары үшін ақылшы
кітапқа айналатынына сенемін.
Еліміздің болашақ көшбасшылары – бүгінгі студенттер
мен мектеп оқушылары «Қазақстанның іргетасына қаланған
әрбір кірпішін» білуге тиіс.
Мен мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерінде халыққа
тіпті де етене емес шешімдердің өздері – күштеу әдістерімен,
ерік-жігерді барынша шоғырландыру, аса зор өмірлік
күш-қуат жұмсау арқылы жүзеге асырылғанын айта келіп,
олардың мемлекетіміздің қалыптасуының әрбір кезеңде-
рінде қабылданған шешімдердің ауқымын, жауапкершілік
салмағын сезінгендерін қалар едім.
Сіздердің, бүгінгі жастардың– ерекше ұрпақ екендеріңізді
қайталаудан мен жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда
өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің
жастық шақтарыңыз – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену
мезгілі. Сіздер осы жетістіктер мен табысқа жете беру рухын