ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
6
Жұрттың көбі, әсіресе аға ұрпақ жақсы үй салудың оңай
емес екендігін біледі. Ал біздің ортақ үйіміз – Қазақстан
сияқты жас мемлекетті құрып орнықтыру бұдан әлдеқайда
қиын болды. Мемлекет құрылысы біздің болашақта қандай
мемлекетте өмір сүретінімізді анық бейнелейтін нақты, бас
жоспары болуын талап етті.
Тәуелсіздіктіңжадағай ресми тарихы сол тарихтың мағы
налық егжей-тегжейлері мен адам тағдырларын түп-түгел
жеткізе алмайды; өйткені ондағы әрбір оқиға небір қызба
мінездер мен қайғылы кептердің, әртүрлі топтар, тіпті керек
десеңіз, әртүрлі ұрпақтар арасындағымүдделердің аса қатал
қақтығыстарының жиынтық көрінісі болып келетін еді. Соны-
мен бірге, адамның табиғаты сондай – өткендегі оқиғалар,
әсіресе олардың жағымсыздары тез ұмытылады.
Бейбітшілік пен тыныштық, бүгіндері басымыздан өткеріп
отырған экономикалық қауырт шақ және азаматтарымыз-
дың өмірлік құштарлығы, өз күштері мен ертеңгі күндеріне
деген сенімдері біз үшін үйреншікті құбылысқа айналып
отыр. Біз оларды, Астанадағы биік ғимараттардың үстінен
күнде ертемен баяу көтеріліп келе жатқан күн шапақта-
рын байқамайтынымыз сияқты, жаңағыларды да көбінесе
байқай бермейміз. Ал осыдан он жыл бұрын дәл осылай
болатынына ешкім сенген жоқ. Әсіресе, Астананың бүкіл Еу-
разия құрлығында жаңа рухани, экономикалық және саяси
аңсардың орталығына айналарына кім сенетін еді? Қазақстан
Еуразия құрлығындағы экономикалық және саяси рефор-
малардың көшбасшысына, бейбітшіліктің эпицентріне айна-
ларына кім сенетін еді?Менің осыкітаптыжазудықолға алуым
нақ сондықтан еді. Мен сіздерге қазіргі тәуелсіз Қазақстанды
құрудың қаншалықты күшке түскенін айтқым келеді.
Осындай кітапты жазу тілегі менде ерте бастан-ақ пайда
болды. Өткен жылдар ішінде дарынды жастармен – уни-
верситет студенттерімен, «Болашақ» бағдарламасының