Page 9 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
8
бойларыңызға сіңіргенсіздер. Атап айтқанда, біздің еліміздің
тағдыры сіздердің тағдырларыңызбен айқындалады.
Бүгіндері Қазақстандағы реформалар тәжірибесінің
нәти­желі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес,
сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің
өздері де мойындап отыр. Қазақстанның көшбасшылығы
сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық
үлгісіне негізделген. Ол – күшті президенттік билік және оған
қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар. Біздің
үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсіретпестен, нарықтық
экономиканың негіздерін жасауға және демократияланды-
руға бағытталған, сонымен бірге «естен тандырмайтын»,
түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды.
Әдетте, автордың жазған сөзінен гөрі ауызша айтқан
пікірі кеңірек келеді. Шынында да, тәуелсіздік жылдарында
атқарылғанжұмыстардың орасан молдығы сондай, оны кітап
ауқымына сыйғызудың өзі қиын. Сонымен бірге кітап атының
өзі де көптеген міндеттер жүктейді.
Егер де «Қазақстан жолы» туралы айтатын болсақ, әрине,
бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты
емес. Бұл – жалпы конституциялық ережелерді ғана емес,
сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және
конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси да үлгі. Бұл
аса бай ауқымды дүние және дәл осымәселелерде Қазақстан
үлгі аларлық мемлекет ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды.
Бұл табыстар дүние жүзінде және өз ішімізде аса жоғары
бағаланып отыр.
Ғаламшардың осы бір шетін өңірінде он бес жыл бойына
этникалық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдай­
ларда қазақстандық жолды айқындап тұр. Ол өте нәзік тепе-
теңдікке құрылған, сондықтан оны бұзып алу жағдайды
тұрақ­сыздандыруға апарып соғар еді. Бұл арада мәселенің
көбі жеке тұлғаға келіп тіреледі.