1995 жылғы
к
онституция
77
Оның нәтижесі өздерін алданып қалдық деп сезінген
адамдардыңызасымен түңілуін ғана тудырды, сонымен бірге,
осы тектес Заңдарды іске асыру үшін қолданылған шаралар
тәуелсіздіктің алғашқыжылдарындағы, онсыз да дағдарыста
тұрған біздің экономиканы толық күйреуге апарып соқтыра
жаздады.
Сол кездегі көптеген заңдарда нарықтық экономика
мен демократиялық қоғам құру барысында пайда болатын
құқықтық қатынастарды реттеудің тетіктері мүлде жоқ бо-
латын.
Кейде мен бүкіл жұмыс күнімді Жоғарғы Кеңесте өткізіп,
елдің кезек күттірмейтін шешімдерді талап ететін ағымдағы
маңызды істерімен айналысуға тек түнде ғана келемін деп,
ащы шындықты қалжыңға айналдырып айтатынмын.
Парламенттегілер ескірген идеологиялық әдістер мен
стереотиптерді бұрынғы екпінмен қолдай отыра, біздің мем-
лекет пен қоғамды реформаландыру бағытындағы барлық
әрекеттерімізге тұсау салды. Сөйтіп, экономиканың ескірген
құрылымы сақталып қалды да, жаңа қоғамдық қатынастарды
қалыптастыружөніндегі бастамалардыңбарлығытоқтатылды.
Ал демократиялық құқықтықмемлекеттің талаптарына сәйкес
келетін өкілетті органдардың жаңа жүйесін құру болмай
қалмайтын уақыт талабы екендігі көпшілігімізге түсінікті бо-
латын.
Алдын ала айтпағым, түптеп келгенде, барлығын түсінген
сол депутаттардың бастамаларымен 1993 жылдың соңына
қарай Қазақстанда барлық деңгейдегі кеңестер өздерін-
өздері тарата бастады. Қазақстан РеспубликасыныңЖоғарғы
Кеңесі өзін-өзі таратқанға дейін егеменді Қазақстанның
бірінші Конституциясын қабылдап, өзінің тарихи миссиясын
орындап үлгергенін мойындауымыз керек.
Конституциялық комиссия дайындаған Конституцияның
алғашқы жобасы Жоғарғы Кеңес, Жоғарғы Кеңес депутат-