ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
76
Міне, осы жағдайда парламенттер кірісті өз мүдделеріне
қайта бөлу үшін күресіп жатқан тұтынушылар клубтарына
айналды.
Олар жалақыны көтеру, қаржыландырумен қамтамасыз
етілмеген әлеуметтік бағдарламалар туралы популистік
шешімдер қабылдап жатты, ал негізінде олардың өзі,
атқарушы биліктің органы ретінде аса қатаң бюджеттік
тапшылық пен терең дағдарыс жағдайында, солардың іске
асуына жауапты болатын.
Нәтижесінде атқарушыбилік баспасөздің, депутаттардың,
қоғамның жан-жақтап жасаған сынына тап болды. Тіпті, шын
мәнінде ауыр жағдайда отырған өңірлердің атынан сөйлеген
кейбірдепутаттардыңөздері, қалыптасқанжағдайдытүсінбей,
өз әрекеттерімен сол өңірлерге зияндарын ғана тигізді.
Популистік толқуда қабылданған экономикалық шешімдер
шаруашылық жүргізудің, экономиканымемлекеттік реттеудің
бүкіл жүйесін тозғындатып, ақыр аяғында экономикалық
ситуацияны одан әрмен ушықтыруға әкелді.
Өтпелі дәуірдің «бірінші толқынындағы» (1990–1994
жылдар) Заңдар өз маңыздылығына қарамастан, мемлекеттің
қаржы мүмкіндіктерімен бекітілмеген популистік мәнге толы
еді, сондықтан да олардан көп нәтиже шықпауының өзі де
осында жатты. Жоғарғы Кеңес «Біз заңдарды шығарамыз
және ақшаны үлестіреміз, ал Үкімет оларды қалай болса да
орындасын» деген принциппен жұмыс істеді.
Дәл осы кездерде сауыншылар мен тракторшыларды 45
жастан зейнеткерлікке шығару және экологиялық аймақтар
тұрғындарына төлемақы төлеу туралы қаржы тұрғысынан
ешқандай да негізделмеген заңдар қабылданған еді. Эко-
номика жұмыс істемей, қазына бос қалған сол кездерде
қабылданған осындай заңдар әлеуметтік төлемдерді төлеу
бойынша көп жылғы қарыздар қалыптасуының бірден-
бір себепшісі болды. Кейіннен келе бұл заңдардың тиісті
баптарының әрекеті тоқтатылды.