Page 76 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
75
тар жергілікті жерлердегі толып жатқан проблемалар туралы
баяндап жатты. Осынау халық өкілдері жалпымемлекеттік
мүддені сезіну,«жергілікті жерлер» мүддесін қорғаудың күні
өткенін түсіну сияқты деңгейге көтеріле алмады. Нәтижесінде
сессиялар «арқан тартысу» ойынына ұқсап, әркімөз өңірі үшін
мемлекеттік бюджеттен қаржыны көбірек жұлмалауға тырыс-
ты. Сөйтіп, көріп отырғанымыздай, бұл жерде мемлекетке
және бүкіл халыққа қызмет етудің иісі де жоқ болатын.
Депутаттардың көпшілігі мемлекеттің қалыптасу және
жаңа экономикалық формацияға өту кезеңіндегі жаңа
жағдайда Парламенттің мүлде басқа қызметтер атқара-
тынын түсінбеді. Депутаттардың көпшілігі өздерін Кеңес
заманындағыдай аманаттымандаттың иелеріміз деп сезінді,
ол кездегі қалыптасқан тәртіп бойынша депутаттықты
жергілікті жердегі қажеттіктер үшін қосымша қаржы аударту
көзі ретінде пайдаланып отырды.
Барлығын өз қолдарынан бөліп отыруға, реформаның
жүру барысына жауапкершілікті атқарушы биліктің мойыны-
на артып қоюға тырысу – бұл сол кездегі қалыптасқан жалпы
тенденцияеді.Өкінішкеқарай, осытенденциябасқада тәуелсіз
елдерде сақталынып қалды, парламенттің негізгі міндеті
бөліп беруде емес, керісінше, өркениетті заң шығарушылық
базаны және жаңа экономикалық қатынастарды дамытуға
заңнамалық жағдай жасау екенін алғашқы посткеңестік
парламенттердің депутаттарының көпшілігі сол күйі түсінбеді.
Сонымен бірге ахуалдың ерекшелігінің өзі – қандай да бір
дамыған нарықтық экономика мен азаматтық қоғамның
белгісі де болмаған, өкілеттіліктің, экономикалық және саяси
мүдделерінің қорғалуының қазіргі жүйесі құрылмаған, сол
мүдделер мен соларға өкілдік етушілердің өздері де нақты
қалыптаспағанжағдайда парламенттіңжеміссіз қызмет жаса-
уында болды.