Page 75 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
74
Ақыраяғындадепутаттардыңкөпшілігі мынадайконститу­
циялық қағиданы қабылдады: «Қазақстан Республикасында
қазақ тілі мемлекеттік тілболып табылады. Орыс тілі ұлтаралық
қатынастар тілі болып табылады. Мемлекет ұлтаралық тілдің
және тағы да басқа тілдердің қолдану аясының сақталуына
кепілдік береді, олардың еркін дамуына жағдай жасайды.
Мемлекеттік тілді және ұлтаралық қатынастар тілінмеңгермеді
деген сылтаумен азаматтардың құқықтарымен еркіндіктеріне
шектеу қоюға тыйым салынады».
Тұтастай алғанда, орыс тілінің ұлтаралық қатынастар тілі
ретіндегі мәртебесі, әлі де болса заңжүзінде толық айқындал­
мағанына қарамастан, осындай тұжырым Қазақстанның
көпұлтты халқының өмірлік қажеттіктеріне жауап беретін еді.
Кейінірек бұл мәселе 1995 жылғы Конституцияда басқаша
шешілді.
Депутаттар Парламентті таратудың құқығына да ерекше
қауіппен қарады. Бұл түсінікті де еді – өйткені, аумалы-төкпелі
кезеңнің жағдайын пайдаланып, олар өздеріне көптеген
жеңіл­діктер жасап алды, кез келген министрге «қысым» жа-
сай алатын және өздерінің депутаттық кезеңдегі өкілеттігінің
ешкім қол сұқпайтын кепілдігін онан кейінгі екі жыл бойы
сақтайтын болды. Жалпы алғанда, олар «жеке бизнестері»
саласындағы өздерінің «шығармашылығы» үшін кереметтей
жағдай жасап ала білді. Өздерінің сайлаушылары туралы
олардың кейбіреулері ғана ойланатын.
Заң шығару органы болып табылатын Жоғарғы Кеңес
үнемі жұмыс істемейтінжағдайда, депутаттар өз өкілеттіктерін
жергілікті жерлердегі басшылық қызметтерімен қатар атқарып
отырды. Жоғарғы Кеңестің мәжілістері жылына бірнеше рет
қана өткізілді, ал тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы байсалды
заң шығарушылық жұмысты іске асыра отырып, жүздеген
жаңа заңдарды қабылдауды талап етті. Аймақтардағы
партиялық номенклатураның өкілдері болып келетін депутат-