Page 74 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
73
тілдеріне қысым жасау есебінен жүргізуге үзілді-кесілді бол-
майтын еді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану өздігінен алғанда
ешкімді де кемсітпейтін. Бұл қисынды және заңды шешім бо-
латын. Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді енгізуді дүмбілез
бюрократтардың тәлкегіне берген жерде, әсіресе жергілікті
жерлерде, асығыс шешімдер, әрине, өзінің жағымсыз рөлін
көрсетуі әбден мүмкін еді. Бұл кейбір жерлерде қабылданып
қойған Тілдер туралы заңды жою керек деген әңгімелердің
тууына түрткі болды.
Осы бір көкейтесті мәселе сол кездерде жан-жақты
Консти­туциялық комиссияның мәжілістерінде ғана емес,
көптеген басқа да жиналыстарда талқыланды. 1992 жылғы
11–12 қарашада өткен әкімшілік басшылары мен жергілікті
кеңес төрағаларының Республикалық кеңесінде мен
қатысушылардың назарын мынаған аудардым:
«Тіл мәселесі ешқашанда арзан популизмнің, көпірме
сөзді сәудегерліктің өзегіне айналмауы керек. Қабылданған
заңды тоқтатып қоюмен Қазақстанда тыныштық орнатуға
болады деп шынымен біреулер ойлай ма екен? Қасақана
айтпайтын адамға, қазақ тілінің мүшкіл жағдайда
екені, әңгіме осы тілді құтқару туралы болып отырғаны
ниеті дұрыс адамға қалай түсініксіз болады? Біздің ата-
бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының тілі жойылып
кетуге тиіс емес. Кім өз еркімен мылқау болғысы келеді
екен? Біздің тіл саясатымыз заңда да және шынайы өмірде
де қазақ және орыс тілдерінің, сондай-ақ аз ұлттар
тілдерінің дамуына жағдайды қамтамасыз етуі тиіс».
Әкімшілік басшылары мен жергілікті
кеңестер төрағаларының республикалық
кеңесінде сөйленген сөзден,
11–12 қараша 1992 жыл