Page 73 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
72
сияқты, кезінде мемлекеттік егемендік туралы Деклара-
цияда жарияланған принципке сөзсіз қайшы келетін еді.
Конституциялық комиссияның басқа бір мәжілісінде беделі
бұдан кем емес заңгер С. Зимановжаңа Конституциянымүлде
қабылдамайық, ескісіне өзгерістер енгізумен шектелейік
деген ұсыныс жасады. Мен осы екі адамға, еліміздің белгілі
заңгерлеріне үлкен құрметпен қараймын. Оның үстіне, олар
маған үнемі көмектесіп отырды, бірақ сол кездегі буырқанған
дүбәрә кезеңде көптеген адамдар қателескен еді.
Аса өткір пікірталастар «ұлттық» мәселе дегеннің маңа-
йында өрістеді. Конституциялық комиссияның өздерін қазақ
халқының мүддесін қорғаушыларымыз деп көрсеткен кейбір
мүшелері, әртүрлі ұлттар азаматтарының мүдделері мен
құқықтарын есепке алмай, қазақ мемлекетін құру бағытын
жариялауды ұсынды. Естеріңізге салайын, ол уақытта
қазақтар еліміздегі халықтың 50 пайызына да жетпейтін.
Осыған орай, Президент және Жоғарғы Кеңестің төрағасы
міндетті түрде қазақтан сайлансын, яғни ұлттық ерекшелігі
ескерілсін деген ұсыныстар да түсті. Бұл сияқты ұсыныстар
қазақстандықтардың бірлігіне шындап қауіп төндірді. Менің
осындай жалған патриоттарға қатаң тойтарыс беруіме тура
келді. Біз жасап жатқан Конституция халықты ұлттық белгісі
бойынша бөлуге емес, қайта біріктіруге тиіс екендігін мен
қатысушылардың барлығына қайта-қайта ескертіп отыр-
дым. Республикадағы ұлттар мен халықтардың мүдделеріне
қатысы бар қауіпті бұра тартуларды болдырмас үшін
Қазақстан Конституциясының әрбір бабын шын мәнінде
қорғап қалуымызға тура келді.
Тағы бір өткір мәселе Қазақстан Республикасындағы
тілдер мәртебесі туралы болды. Бір жағынан алғанда, ұзақ
уақыттардан бері қиын жағдайда болған мемлекеттік тіл
– қазақ тілін қайта түлету мен дамыту үшін нақты шаралар
қабылдау қажеттігі тұрды. Екінші жағынан алғанда, қазақ
тілін дамытудыҚазақстандағы орыс және басқа халықтардың