Page 72 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
71
куәсі болдық. Қазақстанның жаңа конституциялық моделіне
қатысты екіұштылық жүйелі әлеуметтік-экономикалық және
саяси-құқықтық реформалардың басталуына бөгет жасап,
билік тармақтары құзырларының конституциялық деңгейде
нақты көрсетілмегендігінен, олардың арасында қажет емес
шиеленіс туғызды. Конституциялық құрылыстың барлық
қатысушылары мәмілеге келудің қажеттігін түсінді.
Пікір алалықтарының болуына қарамастан, мүмкін
болса, Конституцияны тезірек қабылдау керек еді. Себебі,
тәуелсіздік мәртебесі бар ел, екінші жыл, сол бұрынғы, қоғам
талаптарына жауап беруден қалған кеңестік дәуірдің Консти-
туциясы бойынша өмір сүріп жатты.
Осықалыптасқанжағдайларды толық түсінгендіктенжәне
кеңестік кезеңде сайланғанЖоғарғы Кеңестегі консервативті
көпшіліктің көңіл-күйін білгендіктен, менің жаңа құжатты
қа­былдату үшін мәмілеге баруыма тура келді. Амалсыздан
көптегенмәселелер бойыншашегініске барудың нәтижесінде,
бірінші Конституция қоғамдық және мемлекеттік дамудың
өмірлік мәселелеріне жауап бере алмады.
Қос палаталы Парламент идеясын қорғап қалу әрекеті,
меншіктің барлық түрлерінің, әсіресе жеке меншіктің тепе-тең
дамуы, Негізгі Заңға демократиялық құқықтық мемлекеттің
қарапайымережелерін–Парламентті таратуменПрезидентке
импичмент жасау құқығын енгізу – нәтижесін бергенжоқ. Осы
ұсыныстарға Президиумның көпшілігі жәнеЖоғарғыКеңестің
басшылығы үзілді-кесілді қарсы болды.
Қазақстан заң ғылымының кейбір корифейлерінің өздері
кертартпа позиция ұстанды. Мәселен, Конституциялық
комиссия мәжілістерінің бірінде Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі С. Сартаев қос палаталыПарламентті
енгізу қазақ халқының ұлттықмемлекеттігінжоққашығарады
деп, ЖоғарғыКеңеске «кез келген уақытта атқарушыбиліктен
кез келген мәселені шығарып алып, сессияда шешетіндей»
құқық беруді қажет деді. Мұндай ұсыныс, биліктің бөлінісі