ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
70
кездегі Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары Зинаида
Федотоваға жүктелді.
Жұмыс тобының алдына Конституциялық комиссияның
талқылауына түсетін Қазақстан Республикасы Конституциясы
жобасын дайындаудың нақты міндеті қойылды.
Көп ұзамай Конституцияның бірінші нұсқасы дайын
болды және ол біршама өткір шиеленіспен өтіп жүрген
Конституциялық комиссияның мәжілістерінде талқылана
бас тады. Конс титуциялық комиссияның құрамында
Жоғарғы Кеңес Президиумының бүкіл мүшелері және
оның комитеттерінің барлық төрағалары болды. Олардың
көпшілігі басындаЖоғарғы Кеңес тұратын кеңестердің билік
вертикалын жаңа Конституцияда сақтап қалуды өздерінің
басты міндеті деп білді. Олар ашық әңгімеге және баламалы
ұсыныстарға дайын емес еді. Алға қарай одан әрі жылжудың
қиындай беретіндігі түсінікті болды.
Қазақ КСР-інің сол кездегі қолданыстағы Конституциясы
жаңа Конституцияны қабылдауды тек парламенттік жолмен
іске асыруды қарастырған. Сондықтан да Жоғарғы Кеңес
өзінің шешуші билік өкілеттілігінің көбін сақтап қалды, ал бұл
кезде президенттік билік енді ғана қалыптасу сатысында бола-
тын. Осыжағдайларда, қоғамдыжәне мемлекетті ыдыратуға
жол бермеу, енді ғана туып келе жатқан мемлекетте және
полиэтникалық қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау
үшін мәмілеге баруға тура келді. Түпкі нәтижесінде ішкі саяси
тұрақтылықты сақтау қажеттілігі ел үшін маңызды проблема-
ларды шешетін принципті және бұлтартпайтын міндеттерден
жоғары қойылды.
Бұл арада мәмілеге баруға сыртқы саяси факторлардың
белгілі рөл атқарғанын айтуымыз қажет. Осы кезде біз ТМД-
ның жекелеген елдерінде конституциялық құрылысқа байла-
нысты мәселелер бойынша келіспеушілік болғанының және
жаңа конституцияларды қабылдау ұзаққа созылғанының,
соның нәтижесінде қақтығыстарға апарып ұрындырғанының