Page 70 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
69
қолданыстағы Қазақ КСР-інің Конституциясына 7 рет (1990
жылы 20 қарашада, 1991 жылы 15 ақпанда, 20 маусымда,
25маусымда, 25 тамызда, 10желтоқсанда, 24желтоқсанда)
өзгертулер мен толықтырулар ен­гізілді. Байқағанымыздай,
Конституциялық комиссия мүшелерінің өздерінде де бір
нәрсені тірек етіп, серпіліп кететіндей тұрақты негіз болған
жоқ. Елдің одан арғы даму жолы да айқын болмады.
1991жылғыКеңестерОдағыныңыдырауымен аяқталған,
Қазақ КСР-інің атын Қазақстан Республикасы деп өзгерткен,
«Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік егемендігі туралы»
Конституциялық Заңының қабылданған зор оқиғалардан
кейін, жағдай біршама айқындала бастады. Тоталитарлық
дәуірден бүтіндей құтылғанымыз, күн тәртібінде егемен,
демократиялық мемлекетті құру мәселесі тұрғаны баршаға
ұғынықты болды. Қазақстанның одан арғы тағдыры біздің
өз қолымызда тұрды. Елдің жаңа Конституциясын жасау-
мен байсалды түрде айналысудың уақыты жеткені білінді.
Қазақстан Президенті ретінде мен үшін бұл – ең бірінші
міндетке айналды.
ЖоғарғыКеңестің 1991жылғы15желтоқсандағы қаулы-
сы­мен мен Конституциялық комиссияның төрағасы болып
та­ғайындалдым, ал менің Комиссиядағы орынбасарым,
ЖоғарғыКеңестіңжаңа төрағасыС. Әбділдин (бұғандейіносы
қызметте болған Е. Асанбаев бұл кезде Республиканың Вице-
президенті болып сайланған еді) болды. Конституциялық
комиссия берген өкілеттілікті пайдалана отырып, мен белгілі
ғалым-заңгер Ғайрат Сапарғалиев жетекшілік еткен, саны
жағынан шағын жұмыс тобын құрдым. Бұған сол сияқты
Ю. Ким, Ә. Кәженов және ол кезде әлі жас, бірақ келешегінен
көп үміт күттірген заңгерлер – Б. Мұхамеджанов, К. Колпаков,
Ю. Мальцев, Т. Донаков кірді. Біраздан кейін бұлжұмыс тобы-
на, сол кезде менің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшім
болған Н. Шайкенов келіп қосылды. Жалпы басшылық сол