Page 69 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
68
қадамдарынжасап, егеменді, демократиялықжәне құқықтық
ел болуға бағыт ұстанған мемлекет мүлде жаңа принцип-
терде құрылды және басқаша конституциялық негіздерге
мұқтаж болды. Мұндай негіздер «Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық
Заңға кіргізілген болатын. Міне, осы кезде, дербес мемлекетті
түпкілікті қалыптастыру үшін жаңа Конституция қабылдау
талабы туындады.
«Қ
ызыл
» Ж
оғарғы
К
еңес
Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясының жоба-
сын жасау жөніндегі жұмыс мемлекеттің егемендігі туралы
Декларацияны қабылдағаннан кейін бірден басталып кетті.
1990 жылдың 15 желтоқсанында Қазақ КСР-інің Жоғарғы
Кеңесінің қаулысымен Қазақ КСР-інің Конституциялық ко-
миссиясы құрылып, әуелде оны сол кездегі Республиканың
Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы қызметіндегі Ерік Асанбаев
басқарды.
Конституциялық комиссияның құрамына Жоғарғы
Кеңестің бүкіл басшылығы, Премьер-министр, Әділет
министрі, Бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы, көрнекті
ғалым-заңгерлер, белгілі тәжірибелі заңгерлер, Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бір хатшысы, Қазақстан
ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы – барлығы
35 адам кірді. Комиссия Одақ кездеріндегідей өте өкілетті
болып шықты. Өкінішке қарай, ол белгілі объективтік
себептердің салдарынан тиімді жұмыс істей алмады. Ондай
себептердің ішінде қатысушылар санының көптігіне байла-
нысты туындаған пікірлер алалығы, оларды келістіруге көп
уақыт кететіндігі және елдегі саяси жағдайдың тез өзгеріп
отырғандығы да бар еді.
Мәселен, комиссия құрылғаннан кейінгі бір жылдың
ішінде, басқа да заңнамаларды айтпағанның өзінде,