1995 жылғы
к
онституция
67
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық Заң Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, біртұтас, бөлінбейтін,
қолсұғылмайтын аумақтарға ие болатын, барлық мемлекет-
термен өз қарым-қатынасын халықаралық құқық принциптері
негізінде жүргізетін егемен мемлекет ретіндегі мемлекеттік
тәуелсіздігін заң жүзінде бекітті. Республика халқының
атынан сөйлеу құқығы тек Жоғарғы Кеңеске ғана емес, сол
сияқты мемлекеттің Басшысы – Қазақстанның Президентіне
де берілді.
Сонымен бірге заңдаҚазақстанның өзіндік экономикалық
жүйесі де болатыны қарастырылды. Бұл жүйе меншіктің
сан алуандығына және олардың заң алдында тең болуына,
өзіндік қаржы-несиежәне ақшажүйесін құру мүмкіндіктеріне,
өзіміздің алтын, платина және валюта қорларымызды қалып-
тастыруға негізделді. Өзіндік қарулы күштерді құру да сонда
мәлімделді.
Заңда мемлекеттің егемендігі туралы Декларациямен
бірге, оның Республиканың жаңа Конституциясын жасауға
да негіз болатыны жарияланды. Сонымен бірге Конституция
ережелерінің және Қазақстан Республикасының басқа да
заңдары қолданыста болатындығы көрсетілді, себебі олар
осы қабылданған заңға қайшы келмейтін еді.
Сөйтіп, егемен Қазақстанның ең тұңғышосы заңнамалық
актісінде Қазақ КСР-інің 1978 жылы қабылданып, сол кезде
қолданыста болған Конституциясына қарағанда заңдық күш
көбірек берілді. Бұл қажетті қадам болды, өйткені одақтық
мемлекет құрамындағы кеңестік социалистік республи-
каның Конституциясын қанша «жамсап-жасқаса» да, жаңа
қоғамдық-экономикалық формацияға өтуді қолға алған
және мүлде басқаша қоғамдық, оның ішінде халықаралық
қатынастарға түскен, жылдам өзгеріп отырған елдің өмірлік
талабын қамтамасыз ете алмайтын еді. Енді ғана алғашқы