Page 67 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
66
1990
жылдың
25
қазанындағы
Қ
азақ
КСР-
інің
мемлекеттік
егемендігі
туралы
Д
екларация
Қазақстанның өзіндік конституциялық заңнамасын
қалып­тастырудың басы уақыт жағынан Кеңестер Одағының
ыдырауына сәйкес келді. Тәуелсіздікке қарай барар жолдағы
алғашқы қадам 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-і
Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Деклара-
циясы болды.
Онда егемен Қазақстанның соңғы екі Конституция-
сында одан әрі дамытылған – гуманистік, демократиялық
және құ­қықтық мемлекет құру ниеті, халықтың мемлекеттік
биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде айқындалуы, еліміз-
дің аумағының бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмай-
тындығы сияқты және т.б. іргелі ережелер көрініс тапты.
Әрине, мемлекеттіңегемендігі туралыДекларация заңдық
құжаттан гөрі көбінесе саяси құжатқа ұқсайтын. Дәлірек
айтсақ, оның ережелері құқықтық нормалар емес еді, яғни
оның ешқандай да заңдық күші болған жоқ. Егемендікті
заңдық негізде бекіту үшін соған сәйкес конституциялық акт
қабылдау талабы туындады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақ-
стан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
Конституциялық осындай акт Заңы болды. Дәл сол күн – қазір
Қазақстанның Тәуелсіздік күні болып атап өтіледі.
Мен осы арада мынадай бір ойды айтқым келеді.
Тәуелсіздік күні ресми түрде бекітілген мереке күні ғана бол-
мауы керек. Бұл күннің мағынасы өте үлкен. Ол, бір жағынан,
біздің тәуелсіздік жолындағы күресімізге қойылған нүкте
және, екінші жағынан, жаңа өмір белесінің басы болды.
Бүгіндері бұл күнді әрбір қазақстандық өзінің жеке өмірінің
тәуелсіздігі мен табыстарының бастауы ретінде тойлауына
болады.