Page 66 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
65
дамытудағы қол жеткен табыстарын ұғыну маңызды болды.
Ізденіс географиясы да ауқымды болатын – ол Еуропаны,
Азияны, Солтүстік және Латын Америкасын қамтыды. Мен
өз басым тікелей әлемдегі жиырма елдің конституциясын
талдап, олардан конспекті жасап алдым.
Нәтижесінде, жаңа Конституцияның қажеттігі туралы
шешім қабылдамас бұрын біздер бес жылдық жинақталған
тәжірибе болды. Біз содан негізгі басымдықтарды, мақсат-
тарды ажыратып, оларға жетудің құралдарын үйрендік.
Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жылдар
бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған
стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі
реформалау барысында пайда болатын көптеген объективті
және субъективті проблемаларды шешу үшін бірнеше жылға
созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді. Иә, кей-
де біздің шешімдеріміз жартыкеш, ымырашыл сипатта да
болды. Кез келген жаңа істе болатыны сияқты, қателіктер
де жіберілетін. Осының бәрі сол кездерде анық өтпелі си-
патта болған мемлекеттік институттар мен заңнамалық
қызметтерден көрініс тауып отырды.
Бірақ, сол бір қиын-қыстау жылдарды еске алғанда,
елімізді күрделі әлеуметтік катаклизмдерге соқтырмай, аман
сақтап, әлемдік қауымдастықтың тең құқықтымүшесі ретіндегі
осызаманғымемлекетінқұру үшінне керектіңбәрін істегеніме,
мемлекетті құруға қызмет жасағаныма сенімдімін.
1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған
жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орна­
ту үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ
біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік
тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан
да, кімде-кім еліміздің Негізгі Заңының рухы мен маңызын
терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тари-
хын жақсы білуі керек.