ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
64
Конституциялық құрылыстың бастапқы кезеңдеріндегі
біздің алдымызда тұрған міндеттер аса күрделі, сан алуан
және жауапты еді. Біріншіден, жаңа құрылған мемлекетті,
мемлекеттік билік пен басқарудың бүкіл жүйесін барын-
ша нығайту қажет еді. Екіншіден, экономикалық түбегейлі
реформалардың кезек күттірмейтін мәселелерін шешіп, оны
тереңдағдарыстаншығару керек. Үшіншіден, сыртқысаясатты
қалыптастыру қажет. Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты
қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар, азаматтардың
жалпы өркениетті дүниеде қабылданған құқықтары мен
бостандықтарын бекітуге, демократиялық институттарды
дамытуға байланысты міндеттердің жиынтығын шешу керек
болды.
Бүгінде біздің еліміз 1995 жылғы Конституция бойын-
ша өмір сүреді. Ол қабылданғаннан кейін Қазақстан өзінің
одан әрі даму жолын түпкілікті таңдап алды. Бүкілхалықтық
референдумда қабылданған осы Негізгі Заң, шын мәнінде,
қоғамдықкелісімгеайналды, солбойыншаөкіметҚазақстанды
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мем-
лекетке айналдыруды өзіне басты міндет етіп алды, ал аза-
маттар Конституцияны және еліміздің заңдарын бұлжытпай
орындауға жауапкершілікті өз мойындарына қабыл етті.
Осындай өзара міндеткерлік қоғам мемлекеттің одан әрі
нәтижелі дамуына тиянақтынегіз қалыптастырадыжәне біздің
болашаққа сеніммен қарауымызға мүмкіндік береді.
Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу
жұмыстар атқарылды. Көптеген Конституциялар, әсіресе ХХ
ғасырдың екінші жартысында қабылданғандары мұқият са-
раптаудан өткізілді. Біз үшін дамудың әртүрлі сатыларында
тұрған, сан алуан әлеуметтік-мәдени, ұлттық және басқа да
ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйесі бар елдердің Кон-
ституциясы басты мәселені – тұрақтылықты нығайтудағы,
халықтың әл-ауқатын жақсартудағы және демократияны