Page 64 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

1995 жылғы
к
онституция
63
орталықтағыжәне одақтық республикалардағы әртүрлі саяси
топтар қатынасты.
Тоқсаныншы жылдардың басындағы саяси теке тірестер
сол кездегі аса қатал экономикалық дағдарыспен қатарлас
келді. Елде кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық етек алды,
бірінші кезектегі сұранысқа қажетті тауарларға деген төтенше
тапшылық туды, ал одақтық «бюджет», дәлірек айтсақ,
«тігісінен қақырап, сөгіліп» жатты.
Біз тәуелсіздігімізді жариялаған 1991 жылғы шынайы
жағдай осындай еді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде бұрынғы кеңестік
республикалар арасында ең соңынан, 1991 жылдың 16
жел­тоқсанында жариялаған ел болды. Сол кезде көптеген
«жанашырлар» Қазақстан өз тәуелсіздігін тағдырдың бір
сыйы ретінде күтпеген жерден алды дегенді айтты. Тіпті
кейбіреулер тәуелсіз Қазақстанның ғұмыры ұзаққа бармайды
деп те сәуегейсіді.
Бірақ қалай болғанда да, бір қызығы сол – біздің
тәуелсіздігіміз үшін күрестің ең күрделі де жауапты кезеңі
1991 жылы дер­бестігімізді алғаннан кейін барып қана
басталды. Біреудің өз тәуелсіздігін әлдекімнің жай ғана
мойындағанынан гөрі, саяси және экономикалық жағынан
шын мәнінде тәуелсіз болу әлдеқайда қиын. Күрес әлі
де жалғасуда – бірақ бүгін бұл бәрінен бұрын тәуелсіз
мемлекетті құрудың жоспарлы үрдісі түрінде болып отыр.
Бұл тарауда әңгіме тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы
іргетасы қалай қаланғандығы жайында айтылатын болады.
Ол – Конституция туралы болмақ.
Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шын­
дығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен
ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді
жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның
Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың
негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын.