Page 63 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
62
ХVІІІ ғасырдағы француз заңгері, биліктің бөлінуі тура-
лы ілімнің авторы Шарль де Монтескье былай деген екен:
«Демократияның принциптері тепе-теңдік рухын жоғалтып
алғанда ғана емес, сонымен бірге, тепе-теңдік рухын шегіне
дейін жеткізіп, әркім өзінің билікке сайлаған адамдарымен
тең болуға ұмтылғанда іриді».
КСРО-ның өмір сүруінің соңғыжылдарында республика­
лардағы әртүрлі деңгейдегі депутаттар әкімшілік-әміршілік
жүйенің сыншысына айналып кетті. Бұқаралық ақпарат
құралдары Жоғарғы Кеңестер мен съездердегі халық
депутаттарының пікірталастарын тікелей эфирде тара-
тып, оларға биліктің әртүрлі тармақтарының арасындағы
қақтығыстар сипатын берді. Ерсілігі сол, Кеңес өкіметінің
түпқазығы болып табылатын Кеңестердің өздері біраздан
кейін осы өкіметті көпшіліктің алдында тұра­латудың арена-
сына айналды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өзінің негізгі міндеті –
адамға шындық ақпаратты жеткізудің, жаңа өзгерістердің
өскіндерін айтып, жалпы адамзаттық құндылықтарды
сақтаудың орнына қызбалықтың отына май құйды.
Ондаған жылдар бойғы цензура мен тыйым салу-
лардан кейін, қоғам басқа бір ұшқарылыққа ұрынып, сөз
еркіндігі мен жариялылық принциптері адам танымастай
болып өзгерді. Жариялылық тамаша, егер ол тексерілген
ақпаратты беретін болса. Жалған ақпарат – ол еркіндік емес,
еркіндікке қиянат жасағандық. Мұны өркениетті қоғамдар
ерте түсінген, сондықтан оларда жала жапқаны үшін заңның
барлық қатаңдығымен жауап сұралады. Осынау аса күрделі
жағдайларда түрлі саясаткерсымақтар адам сезімін саудаға
салып, билікке ұмтылды, мемлекеттіліктің түпқазығын
шайқалтты, сөйтіп мемлекеттің тұтастығына қауіп төндірді.
Нәтижесінде біз нақты не таптық? Тапқанымыз – ұзаққа
созылған көпжақты саяси дау-жанжалдар болды, ал оған