Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
59
та» қалды. Экономиканы тұрақтандыруға жасалған көптеген
бағдарламалар уақытша және жалқылық сипат алды. Бір
міндетті шешу, көбінесе, орындалуы оңайға соқпайтын басқа
проблемалардың пайда болуына әкеліп соқты. Бірақ нақ
сол жылдар біздің кейінгі табыстарға жетуімізге ғана емес,
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуымызға да көмектесті.
Қол жеткен табыстарға Қазақстан кезең-кезеңімен кел-
ді, өзінің мемлекеттік экономикалық саясатын «таңдаудан
таңдауға» дейтін принциппен емес, экономикалық дамудың
инвестициялық цикл деп аталатын объективтік қисынына
сәйкестеп жүргізді, ол сараптау бағасы бойынша ондай
циклдардың ұзақтығы кемінде 10-15 жылға созылатын еді.
Біз өте маңызды, сонымен бірге тамаша уақытта өмір
сүрудеміз. Бүгінгі күні біздің әрқайсымыз не істейміз және
не тындырамыз, міне, қазақстандықтардың келесі буыны
қандай елде тұратыны соған байланысты деген ойға жиі
берілемін. Өйткені мемлекеттің міндеті өз азаматтарының
жынысына, жасына, ұлтына және қандай этникалық топқа
жататынына, олардың қандай аймақтарда тұратынына және
басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, өмірден өз орнын
тауып, қалыптасуы үшін, соларға баламалы тең мүмкіндіктер
туғызатын болуы керек.
Соныменқатардамуменжоғарыәлеуметтікшығындардан
туындайтынмасылдық пиғылдар бір-бірімен қабыспайтынын
айқын түсінуіміз қажет. Күні бүгінге дейін барлық әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыруды қолда бар мұнай
кірістері есебінен он еселеп арттыру қажет деген пікірлер орын
алуда. Естеріңізде болсын, мұнай сатудан түсетін қомақты
кірістер әрдайыммемлекет үшінмолшылық көзі болып табыл-
майды. Бұл арада Венесуэла, Нигерия және Сауд Арабиясы
секілді елдердің өкінішті тәжірибесін еске алсақ та жеткілікті.
Біз бұл қателіктерді қайталамауымыз керек. Біз өз эко-
номикамыз бен азаматтарымыздың бәсекеге қабілеттілігін
мұнай долларларына «тұншықтырмауымыз» қажет.