ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
60
«Қазақстан–2030» стратегиясында бізде бейне бір мұнай
жоқ секілді жағдайда өмір сүріп, жұмыс істеуіміз керек екені
айтылады. Бұл ойда терең мағына жатыр.
Біздің стратегия қолдағыбар қаржыны ақылмен тұтынып,
ақылмен жұмсау принциптеріне негізделуі, яғни кәдімгі от-
басы секілді мемлекетте «қиын күнге» деп сақтап қоятын
арнайы қоры болуы керек. Мұнай сатудан түскен қаржының
бір бөлігі ғана еліміздің ішкі денсаулық сақтау, білім беру,
ауызсу мен жол құрылысы сияқты осы заманғы әлеуметтік-
инженерлік инфрақұрылымынжасауға бағытталатынболады.
Бұл – негізінен «нарықтың құлдырауы» дейтін, шын мәнінде
мемлекеттің араласуы қажет болып табылатын салалар. Мы-
салы, ұлттың денсаулығы мен оның білім деңгейі – қандай
жағдайда да құлдырауға жол берілмейтін дүниелер.
Әлемнің бірде-бір елі өзінің алдына дәл осындай қысқа
мерзімдемұндай өршілміндет қойған емес. Алайда күндердің
күнінде дәл осының біздің жол деп атайтынына мен сенемін.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан
соққанжелменжауғанжаңбырға,өзініңшаршап-шалдыққаны
мен қорқынышына, айналасындағы әртүрлі қиын жайларға
қарамастан, тау асуларымен тайсалмай жүріп келе жатқан
жолаушының жағдайын көзге елестететін.
Алғашқы қадам – өте күрделі. Жаңа мемлекетімізді құру
ға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты іргетасы,
негіздердің негізі – жаңа Конституция керек екенін түсіндік.
Біз сонау 1995 жылы қабылданып, қазіргі қолданыста
жүрген Конституцияға бірден келген жоқпыз. Иә, оның ал-
дында 1993 жылы тұңғыш Конституциямыз қабылданды,
Президенттің 140-тан астам заң күші бар Жарлықтарына
қолы қойылды, сондай-ақ өмірдегі болып жатқан сол
өзгерістердің қажеттігін түсінбеген және оны қабылдағысы
келмеген адамдармен арада ұзақ жылғы табанды күрестер
өтті. Сол жағдайлардың қалай болғаны туралы келесі тарауда
айтамын.