Page 59 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
58
ды жария еткенімде, еліміз өзінің дағдарыс жүйесінен енді-
енді шыға бастаған, ал Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейде
қаржыдағдарысы әлдеқашан белең алған кез еді. Осымен бір
мезгілде біз әлемдік экономиканың бүкіл тарихында мұнай
бағасының болып көрмеген рекордтық төмендеуі салдары-
нан кейін ысырып тасталдық. Алайда бұл біз үшін торығудың
себебі бола алмады.
Стратегияныңосытарауында айтылғандардыңәрқайсысы
тәуелсіз Қазақстан құрылысында ерекше рөл атқарды және
дамудың үздіксіз жаңа сапалық кезеңдерін белгіледі. Біз
бірінші кезеңде барлығын нөлден бастадық – жоспарлы
экономикадан толықтай оған қарама-қарсы нарық жүйесіне
көшуді жүзеге асырдық. Қазір, стратегиялық жоспарлаудың
екінші кезеңінде біздің алдымызда енді макроэкономикалық
тұрақтандыруды қамтамасыз ету, еліміздің заңдық база-
сын, қаржы жүйесін, әлеуметтік сала мен өндірістік сектор-
ды жетілдіру секілді мүлде басқаша міндеттер тұр. Үшінші
кезеңніңміндеттері агроиндустриялықтан индустриялықжәне
постиндустриялық мемлекетке көшу, дамушы елден дамыған
елге айналу болып табылады.
«Кеңес Одағы ыдырап, коммунизм құлаған соң,
Қазақстан небәрі он бес жылда тәуелсіз мемлекет бо-
лып құрылды. Бұған дейінгі қазіргі заман тарихында ол
ешқашан тәуелсіз болып көрмеген еді. Демократияны,
саяси саналылық пен еркін нарықтық экономиканы құруды
нөлден бастауға тура келді. Осыны есепке ала келгенде,
Қазақстанға бұл салаларда өсуге қолжеткізуі аса үздік және
оң табыс болды».
Мартин Стифф, «United Press
International», 6 желтоқсан 2005 ж.
Әрине, ең қиын алғашқы жылдары нарықтық рефор-
малар қайшылықтармен жүргізілді, кей-кейде «тайғанақтап