Page 58 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
57
дайындықтан өткен кадр­лар жоқ болды. Біз шет елдерден
шақырылған кеңесшілер мен өз басқарушыларымыздың
жинақталған орасан зор тәжірибесіне арқа сүйедік. Дегенмен
кадр саясатында ескі тәжірибемен, ең бас­тысы, ескіше ойлау
дағдысымен бойкүйез болмаған жас кәсіби экономистер мен
қаржыгерлерді тірек ету керек болды. Барлық осы жылдары
мен жаңа басқарушылардың, олардың арасында әрқилысы
болса да, бірнеше буынын өсіріп шығарумен, соларды
тәрбиелеумен, іздестірумен тікелей айналыстым.
Қазақстанбірінші болыппосткеңестік кеңістікте нарықтық
экономиканың институттарын құрумен қатар, мемлекеттік
басқаружәнереттеу секілді әлемдік тәжірибедемойындалған
стратегиялық жоспарлауды таңдап алды. Аталмышқұжаттар
тек дамудың негізгі кезеңдері мен басымдықтарын айқындап
қана қоймады, олар дағдарыстар мен бейберекеттіктің
аумалы-төкпелі уақытында біздің жолымызды сызып берді
және зәру де болса жеңіл-желпі мәселелерге бой алдырып,
адасып кетуге мүмкіндік бермеді.
Қол босай қалғанда, мен осы тарауда айтылған үш
стра­тегиялық құжаттың әрқайсысын жиі қайталап оқып
шыға­мын. Олардың қай-қайсысы да біздің қоғамда болып
өткен оқиғалардың айнасы тәрізді. Оларда сол уақыттың
жиынтық рухы бар – қайсысын ашып қалсаң да, Қазақстанда
нендей оқиғалар, қандай проблемалар болғаны бірден
түсінікті болады. «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» мен «Президент
Меморандумы» сол кезеңде елімізде болған дағдарыстың
мән-мағынасын және барлық өткір жақтарын көрсетеді.
Ал «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы»
Қазақстан табысындағы се­німмен оптимизмнің сәулесі бол-
ды. Ол халықтың өзіне деген сеніміне, мемлекеттен қайыр
күтпей, өз тағдырын өзі шешуіне көмектесті.
Сол уақытта «стратегия» деген сөз жұрттың көбінің
құлағына түрпідей тиді. Мен 1997 жылы «Қазақстан–2030»-