ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
56
зерттеулерді ойдағыдай енгізіп, коммерцияландыру үшін
белсенді кәсіпкерлік орта қажет. Егер де мемлекет ғылы-
ми саланың дамуын, мысалы, мақсатты және кепілді
қаржыландыру арқылы әлде қалай реттеп отыратын бол-
са, ғылым мен өндірісті интеграциялау бойынша бастама
жекешелік жолмен неғұрлым пәрменді жүргізілген болар еді.
Ол біздің азаматтардың тарапынан қолдау табуы керек.
Ғылым мәселелерін қарастырумен ертерек айналыс-
қандықтан мен бизнестің рөлі басқаша болуы керек деген
ойға жиі келемін. Дағдарыс жылдары елімізде бизнестің
«делдалдық» кезеңі болды. Қазіргі кезде қызмет көрсету сала-
сышапшаң дамуда. Алайда бізге бұдан да биікке ұмтылудың
кезі келді. Бізге жоғары технологиялық тауарлар өндірісі мен
қызмет көрсетуге бағытталған бизнес қажет. Ғылымды көп
қажет ететін өндіріс экономика дамуының келешектегі басым
жағы болуы керек.
Е
ртеңгі
Қ
азақстан
:
серпілістер мен
басымдықтар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, дербес
саяси және экономикалық даму жолына түскенінен бері де
он бес жыл өтті. Әрине, тарих өлшемімен алып қарағанда,
он бес жыл айтарлықтай көп уақыт емес. Сонымен бірге,
осы кезеңде Қазақстан үлесіне, барлық басқа посткеңестік
республикалардағы секілді, қатаң экономикалық және
әлеуметтік сынақтар тап болды.
Оң нәтижелер туралы айту әрдайымжақсы. Бірақ сол ке
зеңде, біздіңжолымыздың әу басында-ақ, ешкімде де дайын
теория және әсіресе жоспарлы экономикадан нарыққа көшу-
дің толығырақ стратегиясы болған жоқ. Посттоталитарлық
қоғамды, әсіресе кеңестік адамдардың бірнеше буыны бас-
тан өткерген империялық коммунизмді өзгертудің тиімді
тәжірибесінің мысалдары болмады. Бізде қажетті білім мен