Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
55
өтініш берген 25 компанияның 11-і іріктеліп алынды. Мен IT-
индустриясы саласындағы әлемдік алдыңғы қатарлы барлық
компанияларды осында келіп жұмыс істеуге шақырамын,
сіздердің бизнестеріңіз өздеріңізге де, Қазақстанға да тиімді
болуы үшін барлық қолайлы жағдайды жасаймыз.
«Алатау-Сити» – хай-тэк-индустриясының тұңғыш
объектісі, ол Орталық Азияның жаңа интеллектуалдық орта-
лығы болады, ақпараттық технологиялар паркі жұмысына
ақпараттық технологиялар мен байланыстар саласындағы
әлемдік көшбасшылар тартылуда. «Майкрософт», «Хьюлетт-
Паккард», «Сименс», «ЦискоСистем», «Талес», «ЭлДжи», «Сан
Макросистем», «Самсунг» компанияларыменынтымақтастық
туралы меморандумдарға қол қойылды.
Біз Ұлттық нанозертханасын құру жөнінде алғашқы
қадамдар жасаудамыз, онда Қазақстанның барлық ғалым-
дары үшін жұмыс істеуге мүмкіндік туғызылады. 2008 жылы
Астанада әлемдік деңгейдегі Ұлттық биотехнологиялық
орталықтың жаңа кешені салынатын болады. Қазірдің өзінде
шет елдерде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдар осы
орталықта қызмет етуге ынта білдіруде және бүгінде олар
бірлескен ғылыми жобаларға қатысуда.
Әлемдік нарықта біздің экономикалық мүдделерімізді
ілгері жылжыту негізгі міндеті болып табылатын ірі ұлттық
компанияларды біріктірген «Самұрық» мемлекеттік хол-
дингі құрылды. Даму институттары қызметін үйлестіріп,
индустриялық жобаларды қаржыландыруға және эконо-
миканы диверсификациялауға көмектесуге тиіс «Қазына»
орнықты даму қоры ашылды. 2005 жылдан бастап 520
инвестициялықжобажүзегеасырылды.Дамуинституттарының
қамқорлығымен құны 2,2 млрд АҚШ доллары тұратын 90
жоба қаржыландырыла бастады.
Мұның бәрі бізді қанаттандырады, бірақ мемлекет
даму үрдісіндегі барлық рөлді өзіне ала алмайды. Ғылыми