ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
54
жәнежоғарыжылдамдықтағы көлікжүйелері, қуат үнемдеуші
технологиялар болып табылады. Өндірісті автоматтан-
дыру, космостық технологиялар, күні бұрын белгіленген
қасиеттерімен ерекшеленетін құрастырмалы материалдар
өндірісі, ядролық энергетика әрі қарай дамытылады. Өндірісті
одан әрі интеллектендіру, үзіліссіз инновациялық үрдіске көшу
жүзеге асырылады. Білімге негізделген жаңа үлгідегі қоғамға
біртіндеп көшу аяқталады.
Бұл бағыттарды біз бәсекеге қабілеттілікті арттырудың
қазақстандық Стратегиясын жүзеге асыру кезінде назарда
ұстауымыз керек.
Биотехнология, нанотехнология, космостық қызмет жә
не ақпараттық-байланыс технологиялары секілді ғылыми-
техникалық бағыттарда нақтынәтижелергежетуге біздіңмүм
кіншілігіміз бар. Нақ осы бағыттар бойынша таяу болашақта
бізге мыңдаған жоғары білікті мамандар мен дипломды
ғалымдар қажет болады.
Жоспарларымызды жүзеге асыру жөніндегі алғашқы та-
бысты қадамдарымыз қазірдің өзінде жасалды.
2006 жылдың маусымында тұңғыш қазақстандық
«КazSat» спутнигі ұшырылды. Космостық қызметті дамытудың
мемлекеттік бағдарламасышеңберінде жобалармен мыңнан
астам қазақстандық ғалымдар жұмыс істеуде. Сол жылдың
15 қыркүйегінде тұңғыш қазақстандық «Алатау-Сити»
ақпараттық технологиялар паркі (АТП) ашылды. Оны құру
туралы ой 2002жылыИндияға барған сапарымда, ондағы ірі
машина жасау, тамақ және тігін өнеркәсібі, халық қолөнері,
сондай-ақ космостық зерттеулер орталығы – Бангалор
қаласында болған уақытымда туындаған еді. 2003 жылдың
тамызында «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы
экономикалық аймақтарын құру туралы» Жарлық шықты, ал
2004 жылы бұл кешенді салу құрылысы басталды. «Алатау-
Сити» ақпараттық технологиялар паркі жұмыс істеу үшін