Page 54 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
53
жалпы өнімді 8-10 мың АҚШ долларына жеткізу керек, бұл
СаудАрабиясыменПортугалияжәнеИспания секілді бірқатар
еуропалық елдердің деңгейімен біршама қатарлас келеді.
Қазір Қазақстан, «Қазақстан–2030» Стратегиясын
негізге ала отырып, өзінің алдына 10 жыл ішінде әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөнінде
өршіл мақсат қойып отыр. Өткен жылдардағы стратегиялық
жоспарлаудың оңды тәжірибесін пайдаланып, біз «әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру Стра-
тегиясын» жасадық. Онда дамудың жеті басым бағыты
айқындалды, олардың жүзеге асуы алға қойған міндеттерді
шешуге жағдай туғызатын болады.
«Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пай-
далана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық
экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға
тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға
кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы
экономикалық-географиялық жағдайымызға және
қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың
жолын­дағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық
кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың
келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау
көрсетуге міндетті».
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясы»
атты Қазақстан халқына Жолдауынан, Астана,
1 наурыз 2006 жыл
Алдағы онжылдықта жаңа технологиялық сипатты
дамудың шешуші бағыттары био- және нанотехнологиялар,
жасанды интеллект жүйелері, жаһандық ақпарат тораптары