ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
52
ал мұның өзі – дамудың жаңа кезеңіне қадам басқандық.
Соның тамаша мысалы – Индия бағдарламалық қамтамасыз
ету өндірісінде әлемдік көшбасшылыққа бірден екпіндеп
шықты. Мен бұл ерекше құбылыспен танысу үшін «Азияның
силикон алқабы» орналасқан Бангалорға арнайы бардым.
2004 жылы Индия осы ақпараттық өнімді 17 млрд доллар-
дан астам сомаға экспорттады. Бүгінде үнділік мамандар
әлемнің ең үздік IT-компанияларының сұранысына ие бо-
лып, «Майкрософт» қызметкерлерінің 34%-ын, «Ай-Би-Эм»
қызметкерлерінің28%-ын, «Интел» компаниясының17%-ын
құрап отыр.
Біз стратегиялық құжаттарымызды ойдағыдай жүзеге
асырған жағдайда мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі
көзі – жалпы мөлшердің шамамен 85%-ы шикізаттық емес
сектордың кәсіпорындарынан түсетін кірістер болатынына
жетеміз. Осымен бірге экономиканымонеттендіру 30%-дан,
ал инфляция 4-5%-дан аспайтын болады.
Онан әрі, 2008 жылдан бастап екінші онжылдық –
Қазақстан–2020 стратегиясы бойынша жұмысты қолға
аламыз. 2010 жылға дейінгі бірінші стратегиялық жоспарда
екі мақсат қойылды: бірінші 2005 жылмен салыстырғанда
ішкі жалпы өнімді екі есе ұлғайту, екінші – бәсекеге
қабілетті экономиканың негізін құру. Егер де бірінші кезең –
Қазақстан–2010 – дағдарыстан кейінгі жылдары басталып,
«жылжымалы» үшжылдық мемлекеттік бағдарламалардан
тұрса, ал екінші кезеңде, экономикалық ахуалды анығырақ
болжау кезінде, бізде Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия
елдеріндегі секілді дамудың бесжылдық жоспарларын
қабылдау мүмкіндігі туады. Оның үстіне, біздің экономика-
да көрсеткіштер деңгейін көтеру және жаңа нысаналарды
таңдау керек болды. Мысалы, еліміздің ішкі жалпы өнімін
2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 3,5 есе ұлғайту
жоспарланады. Немесе2015жылыжанбасынашаққанда ішкі