Page 52 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
51
Біз үшін Финляндия өнеге бола алады. Бұдан бұрын
не күшті ғылыми базасы, не алдыңғы қатарлы өнеркәсібі
болмаған, бес миллиондық халқыбар, солтүстіктегі кішкентай
ғана ел, жоғары технологиялық дамуды тірек ете отырып,
бүгінде әлемдегі айрықша бәсекеге қабілетті экономика
ретінде мойындалып отыр. Финдік ұлттық өндірістік модель
немесе «финдік инновациялық керемет» бүгінде әлемдегі
ерекше тиімділердің бірі болып танылды. Оған негіз болған
білімберудіңжоғарыдеңгейі, ғылымға қаржыныңконкурстық
принциппен бөлінуі, мемлекетті, ғылыммен бизнесті біртұтас
етіп біріктірген өркенді инновациялық инфрақұрылым еді.
Финляндия бірнеше жылдар бойына бәсекеге қабі-
леттіліктің Давостық индексінде өз көрсеткіштері бойынша
көш басында тұр. Одан кейінгі қатарда АҚШ, Швеция,
Тайвань, Норвегия, Исландия, Сингапур, Австралия, Канада,
Швейцария, Жапония,Ұлыбритания, Германия және Израиль
келеді. 2005–2006 жылдардың қорытындысы бойынша
Қазақстан 117 елдің ішінде 56 орындыиеленді. Бұл көрсеткіш
бойынша біз ТМД-ның барлық мемлекеттерінен алда озық
келе жатқанымызды ескерте кетейін.
Қазіргі әлемде елдердің ресурстарын өздері ғылым
мен технологияның ерекше дамыған әлеуетіне ие болған
бағыттарына топтастыруға мүмкіндік беретін халықаралық
еңбек бөлінісінің схемасы қалыптасқан. Мәселен, есептеу
және офистік техникаларды өндіру көлемі бойынша АҚШ
көш басында келе жатса, Жапония электрондық өнеркәсіпте
үстемдік ету жағдайына ие болған, Швейцария – фармацев-
тика өнеркәсібінде біден-бір көшбасшы.
Алайда мұның барлығы аталмыш схема өзгермейді деген
сөз емес. Жазмыштың маңдайға жазуына байланысты ахуал
аяқ астынан өзгеруі мүмкін: ол – ол ма, мәселен, кез кел-
ген, тіпті әлемдік экономикада жаңа ойыншылардың, жаңа
өндірушілердің және рыноктардың пайда болуы ықтимал;