Page 51 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
50
Жаңа экономиканы құру – қиын да тәуекелді міндет.
Оны шешу кезінде біз «2003–2015 жылдарға арналған
Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стра-
тегиясына» арқа сүйейміз. Оның бірінші кезеңін жүзеге
асыру отандық экономиканың құрылымы мен оның өсу
динамикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді. Стратегия
мақсатына жету біздің экономиканың табиғи ресурстардың
әлемдік бағасының конъюнктурасына тәуелді болу пробле-
масын шешеді, диверсификациялау арқылы экономиканың
шикізат бағытынан бас тартуына жағдай туғызатын болады,
сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін негіздер
қаланатын болады. Біздің сарапшылардың есептеулері бо-
йынша, индустриялық-инновациялық саясаттың жүргізілуі
экономикалық өсу қарқынын кемінде жылына 8,8-9,2 пайыз
көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму
Стратегиясы – бұл бар болғаны дайындық кезеңі ғана.
Әлемде постиндустриялық қоғамның орнауы әлі аяқталып
біткен жоқ. Қазақстанда әлі де секіріс жасап, индустриялы-
дамыған елдердің қатарына кіру мүмкіншілігі бар. Аталмыш
Стратегияны жүзеге асыру оқиға барысын күрт өзгертуі және
елімізді осы секіріске дайындауы керек болды. Осы арада біз
бұл секірісті қайда бағыттауымыз керек деген негізгі мәселе
бой көрсетеді.
Бір жағынан, қолда бар әлеуетті пайдалану қажет, себебі
тірі қалу түйсігінің талап етуі бойынша Қазақстан «секіріс»
жасау үшін тау-кен металлургиясы, ауыр өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы секілді біршама дәстүрлі салаларға, сондай-ақ
ядролық энергия мен космостық технологияларды дамытуға
табан тіреуі керек. Екінші жағынан, инновацияларменжоғары
технологиялар есебінен экономиканың өнімділігін арттыруға
қарай жылжуымыз қажет. Мұның өзі экономиканың қабілет-
тілігі мен тұрақты экономикалық өсуге жетудің шешуші фак-
торы болып табылады.