Page 50 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
49
құрамдас бөлігі және біздің жолымыздың құрамдас бөлігі. Ал
кейінгі жылдарғы Жолдау «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің»
белгісі болды.
Менің пікірімше, елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әрбір
азаматының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік
туғызатын қолайлы жағдайлардың жиынтығымен айқында-
лады. Адамдар туралы айтқанда, австриялық экономист
Йозеф Шумпетердің кәсіпкерге берген, менің өзіме де өте
ұнайтын анықтамасын мысал ретінде келтірсем бе деймін.
Шумпетердіңайтуынша, кәсіпкертекбасқарыпқанақоймайды,
ол басқару жөнінде тың, ерекше шешімдер қабылдайды.
Кәсіпкер жаңартулар енгізеді және экономикалық тәуекелге
бару үшін өзіне жауапкершілік алады. Мен қазақстандықтар-
дың –жаңалыққа, сынақтарға, жасампаздыққа жаны құштар
және де ең бастысы әрдайым тәуекелге әзір тұратын, өзіне
жауапкершілік алатын сондай кәсіпкер болуын қалар едім.
«Дүниені өзгерткің келсе – өзіңнен баста» деген
қанатты сөзді басшылыққа ала отырып, біздің әрқайсымыз
бәсекеге түсуге және жеңіп шығуға үйренуіміз керек.
Ал біздің жалпы бәсекеге қабілеттігіміз, түпкі нәтижеде,
халықтың жақсы тұрмысына жеткізуі тиіс. Мен бұл арада
жаңағы айтылғандардың мағынасына неғұрлым тереңірек
тоқталғым келеді. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі ұлттың
тек материалдық қана емес, рухани баюына да әкелуі тиіс.
Экономиканың өркендеуімен бірге, соның ізінше мәдениет
пен өнердің, қазақ тілінің, халқымыздың дәстүрлері мен
өмірлік философиясының гүлденуі жүруге тиіс.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның әрбір өкілінің
бәсекеге қабілеттілігі, оның әзірлік деңгейі, білімі мен жеке
басыныңдамуы. Ал елдіңбәсекеге қабілеттілігі –бұл халықтың
жақсы тұрмысы және оның әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейі. Бұл арада динамикалық бағдарлама жасау принципі
жұмыс істеуі керек: мақсатқа жету үшін қаржыны айқындау
қажет.