ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
48
Одақтас республикалардың «тіндерін» бір орталыққа
түйіндеп, «бір ұлы отан» идеясын қолдау үшін нақ осы ақылға
қонбайтын экономикалық заңдар бойынша өндірістік және
шаруашылық байланыстар құрылған-ды. Алайда, табиғат
заңдары секілді, экономика заңдарында да объективті сипат
болады, ол адамдардыңқалауыбойынша қайтажазылмайды
немесежойылмайды. «Жарқынболашаққа»жетужолындағы
саяси бағыт сабын көпіршігі секілді жарылып кетті. Әрине,
оған көптеген жайлар, бірақ негізінен – тиісті экономикалық
негіздің жоқтығы себепші болды. Қашан Идея жоққа шыға-
рылғанда, ал мемлекет өз өмірінің соңғы жылдарын әупі-
рімдеп өткеріп жатқанда, жаппай етек алған дағдарыстан
шегіне жетіп созылған бұл жасанды экономикалық «тіндер»
бырт етіп үзіліп кетті. Осы қиын жағдайдан шығудың жолын
іздеген кеңестік басшылық жаңалыққа көшуге тырысты,
бірақ ол ескі «кеңестік» тәсіл бойынша саясаттан басталды.
Бұл көшу тығырыққа әкеп тіреді.
Экономика – саяси тәуелсіздіктің негізі. Егер ел эконо-
микасын реформалау жөнінде жасалған біздің алғашқы
қадамдар, дұрысында, тек сол кезеңдегі «посткеңестік»
бейберекеттіктен аман қалу жөніндегі кезек күттірмейтін ша-
ралар болса, ал қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар страте-
гия мен айқын жоспарлардың шеңберіне сыйғызылған және
болашақтағынақтынәтижегебағытталған. Бұлнәтиже–біздің
елімізге әлемдік деңгейде ойдағыдай бәсекелестікке түсуге
жағдай туғызуға бейімі бар күшті, диверсификацияланған
экономикалық жүйені құру. Сонымен бірге, бұл тек нарыққа
және басқа да экономикалық түсініктерге жол ашу үшін ғана
емес, жалпы бейнелеп айтқанда, «күн астындағы өз орны-
мызды» табу үшін бәсекеге түсу еді.
Президенттің Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау
арнау дәстүрі «Қазақстан стратегиясы – 2030»-дан бастал-
ды. Әрбір мұндай Жолдау – біздің жалпы Стратегиямыздың