Page 48 - Kazach_put_kaz

Basic HTML Version

Т
ӘУЕЛСІЗДІК СТРАТЕГИЯСЫ
47
жоғалтпайды. Әңгіме алғашқы кезеңде саясаттан басым
тұратын қуаты мол экономикалық реформалар туралы,
мемлекеттің ашық реттеушілік қызметін сақтай отырып,
нарықты құру, тікелей билікті әлсіретпейтін әкімшілік жүйесін
демократияландыру туралы болып отырғандықтан, онда
саяси және экономикалық радикализмге орын жоқ. Менің
білуімше, бұл сирек кездесетін өте бірегей тәжірибе.
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап
өз мемлекетінің дамуына «синергетикалық принциптерді»
қолданған алғашқы мемлекеттердің бірі болған фактіні
атап өтпеске болмайды. Бұл стратегияны пайдалану таза
бәсекелестіктің элементтері марапатталып, мемлекеттік
реттеушіліктің ашық желісін құрайтын мемлекеттік саясаттың
жасалуы үшін түрлі құрылымдар жиынтығын талап етеді.
«Саяси тұрақтылық бәрінен де жоғары. Азиялық қо-
ғамдағы тәртіп пен реттілік демократиядан маңыздырақ,
сондықтан соңғысыбіртіндеп дамытылуы керек». Бұл Ли Куан
Юдың саяси кредосы. Мен мұндай әдістің жаныма жақын
екенін ешқашан жасырған емеспін. «Әуелі экономика, ал со-
нан соң саясат» деген сөзді әрдайым айтамын. Мені сол үшін
де сынағандар болды. Алайда саясатты адамдардың жақсы
тұрмысы мен тыныштығынан бұрын, бірінші кезекке қойған
КСРО-ның құлауы ылғи да менің көз алдымда тұрады.
Ж
оспарлы
экономикадан
бәсекелестікке
қарай
Бір кезде біз мінсіз мемлекет құрып жатырмыз деп
ойладық. Мүлде әртүрлі халықтар мекендеген «құрлықтың
алтыншы бөлігі» бір идеямен өмір сүрді. Бәлкім, біздің
бәрімізді біріктірген тұғырнаманың дәл осы идеяшылдығы
кеңестік мемлекеттің басқадай барлық құрамдас бөліктері
үстінен саясаттың үстемдік етуіне себепші болған шығар.