ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ
470
Аяқтай келе тағы да атап айтқым келетіні, елімізге өзде-
ріне жауапкершілік ала алатын жас адамдардың жаңа буыны
қажет. Бұл жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай
болуларыжәне өзгерген экономикалық және технологиялық
жағдайларға бейімделе білулері тиіс; сондай-ақ олар-
дан ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын сезіне отырып,
қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана білу талап
етіледі.
Менің Қазақстан жастарына айтар тілегім мынадай:
Сіздерге міндетті түрде сапалы білім алу керек, ол сіздерге
сенімді іргетас болады, олсыз сіздер өзіңіздің болашағы-
ңызды, өз балаларыңыздың болашағын, бүкіл еліміздің
болашағын жасай алмайсыздар. Сіздерге жұмыс істеу керек
және тағы да жұмыс істеу керек, ең бірінші – өзіңізді жетілдіру
бағытында. Білімге де жетілуге шек жоқ. «Адамның өміріне
шек бар, білімге ондай жоқ» дейді қытайдың даналық
мақалы. Бұнымен келіспеуге болмайды. Сондай-ақ біздің
өзіміздің қазақтың да мақалдары бар, олар: «Жеті тілді білуге
ұмтыл және жеті ғылымды меңгер» деп үйретеді, астарына
үңілсек, одан да оқу мен білімнің күш екенін, байлық екенін
түсінеміз.
Ұлы Абай да кезінде: «Бай болғың келсе – өнерге үйрен»
деген. Оның сөздері, менің пікірімше, қазіргі білім беру
стратегиясының идеологиясын дәл көрсетеді.
Күшті және гүлденгенмемлекет болужәне тұрақтыдамуға
қол жеткізу үшін, біз интеллектуалдық элитаға, жоғарғы
технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз қажет.
Тек өзінің интеллектуалдық әлеуетінің арқасында ғана
ел әлемдегі өзінің лайықты орнын ала алады. Сондықтан
Сіздердің – біздің жастардың алдында үлкен жауапкершілік
жатыр.
Адамның өмірі тағдырдың кездейсоқ бұрылыстарына
және оның беріктігін тексеретін сынақтарға толы. Адамдар-