С
өз соңында
469
қоғамдық сананықалыптастыру қажеттігі шықты. Бұғанжалпы
адамзаттықмәдениеттің, қазіргі заманғыбілімніңжәне ұлттық
дәстүрдің элементтерінің кіру қажеттігі күмәнсіз. Демек,
үнемі өзгеріп отырған әлемге және білім беру саласындағы
жаңа әлеуметтік талаптарға қарамастан, білім беру жүйесінің
міндеті сол күйінде – толыққанды және бәсекеге белсенді
азаматты тәрбиелеу, білімберудің рөлін экономикалық пайда
табудың тұрғысынан емес, сонымен бірге – ойлайтын, қоғам
алдындағыжауапкершілігін сезінетінжәне елінежаныашитын
азаматтарды қалыптастыру түрінде қалып отыр. Бұл қасиеттер
әрбір адамның бойына жанұя, мектеп, университет сияқты
әлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс.
Өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге
бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдардың
болуы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құру
жолындағы ең үлкен кедергі болуы мүмкін. 2003 жылы
қабылданған Индустриялық-инновациялық дамудың стра-
тегиясы бізге бұл мәселені шешуге көмектеседі. Аталмыш
стратегияны іске асыру барысында экономиканың кадрлық
және технологиялық деңгейін анықтайтын негізгі фактор
ретіндегі жоғарғы мектеп жетілдіріледі. Оны іске асырудың
іс жүзіндегі нәтижесі, ғылыми-технологиялық прогрестің
болашағы бар тенденцияларына жауап беретін ғылыми
зерттеулерді қамтамасыз етуі және оның алға оза отырып
дамуы болып табылады. Міне, сондықтан да біз білім беру
мәселесіне ерекше қараймыз.
Мен қоғам дамуының білімге негізделген дұрыс бағытын
таңдай алғанымызға сенімдімін, елдердің салыстырма-
лы артықшылықтарын табиғатының байлығымен және
арзан жұмыс күшімен анықтау бірте-бірте азайып, оның
орнына техникалық инновациялармен және білімді нақты
пайдаланудың мысалдарымен анықтау бірінші орынға
шығуда.